Қазақстан және Литва университеттерінде болашақ педагогтердің басқарушылық құзыреттіліктерінің дамуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.06Аннотация
Мақалада «болашақ педагогтердің басқарушылық құзыреттілігі» ұғымының мазмұны қарастырылады. Авторлар болашақ педагогтердің басқарушылық құзыреттіліктерін дамытудың өзектілігі мен маңыздылығын негіздейді. Теориялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Сол сияқты
Қазақстан мен Литваның жетекші жоғары оқу орындарында болашақ педагог-менеджерлерді даярлаудың талдауы берілген. Литвадағы білім берудегі менеджмент бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын зерттеу, авторларға шетелдік тәжірибенің ең құнды идеяларын анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада авторларға қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу жүргізуге педагогиканың салыстырмалы әдісі, зерттеу әдістерінің жиынтығы мүмкіндік берген. Жүргізілген теориялық зерттеулер негізінде білім берудегі басқару бағдарламаларының даму ерекшеліктері анықталған. Авторлар бағдарламалардың құрылымындағы, оқу материалының ерекшеліктерін атап көрсетеді. Сонымен бірге салыстырмалы сипаттама негізінде біздің еліміздің білім берудегі менеджмент бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны литвалық бағдарламамен белгілі бір ұқсастыққа ие екендігіне назар аударылады. Бұл ұқсастық мазмұнды таңдаудағы жалпы тәсілдерден көрінеді.
Сондай-ақ, мақаланың авторлары Қазақстан Республикасының білім берудегі трансформациялық үдерісі негізінде салыстыру және синтез әдісін жүргізуге, болашақ педагогтердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыруға және контексте педагогтердің басқарушылық құзыреттілігін дамытудың негізгі аспектілерін зерттеуге мүмкіндік алды.
Түйін сөздер: басқару, басқарушылық қызмет, басқарушылық құзыреттілік, болашақ мұғалімдер.