Жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауының негізгі бағыттарының, траекториясының өзгеруі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.04
        147 0

Аннотация

Қазақстанда қоғамдық өмірдің барлық салаларын өзгертудің күрделі де қайшылықты процестері жас маманның кәсіби әлеуметтену сапасына және кәсіби біліміне ерекше талаптар қойып отыр. Еңбек нарығының талаптарына сай келетін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлауға ертерек бейімдеу мәселесін жан-жақты талдау мақаланың негізін қалайды. Қазақстанның аймақтарында жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері талданып, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептің оқушыларының көзқарасындағы айырмашылықтарға, ер балалар мен қыз балалардың кәсіби таңдауларына баға беріледі. Зерттеудің мақсаты әлемде, қоғамда болып жатқан өзгерістердің, сонымен қатар цифрландыру процесінің жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларының негізгі бағыттары мен траекториясының трансфоромациялануына тигізетін әсеріне талдау жасау. Зерттеудің негізгі бағыттары мен идеясы Қазақстан қоғамының жаңғыруы жағдайында орта білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді бейнелеумен тығыз байланысты. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларының маңызды басымдықтары мен құндылықтарын сипаттауға негізделетін болса, онда тәжірибелік маңызы орта білім беру жүйесін дамытуға қатысты мемлекеттік құжаттарда бейнеленген маңызды идеяларды жүзеге асырумен байланысты. Сауалнамаға Қазақстанның ірі қалаларынан: Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарының аудандары мен ауылдық жерлерінен 558 -жоғары сынып оқушылары қатысты. Алынған нәтижелер оқушылардың кәсіби қасиеттерін дамыту үшін құнды.
Түйін сөздер: кәсіби қалау, трансформация, қалау траекториясы, жоғары сынып оқушылары, кәсібилік, оқушылардың кәсіби бағдары.

Қосымша файлдар

Как цитировать

Abdikerova, G., & Sadyrova, M. (2023). Жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауының негізгі бағыттарының, траекториясының өзгеруі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 75(2), 34–43. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.04

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер