Болашақ мұғалімдердің трансверсалды дағдыларын дамытуға арналған инновациялық білім беру бағдарламасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.03
        172 199

Аннотация

Педагогикалық кадрларды заманауи даярлау тез өзгерумен және жаңа пәнаралық кәсіптік және ғылыми салалардың қалыптасуымен сипатталады, осыған байланысты жоғары педагогикалық білім беру миссиясы мен мазмұнын анықтау күрделі болуда. Осыған байланысты, мақалада кәсіптік-педагогикалық бағыттағы ЖОО-ның студенттерінің трансверсалды құзыреттіліктерін қалыптастыру мүмкіндіктері негізделген. Трансверсальды құзыреттілік ұғымына талдау жасалып, оның компоненттері, құзыреттілікке бағытталған білім беру ортасын қалыптастыру трансверсальды бағыт тұрғысынан қарастырылуы мүмкіндігі анықталған. Осыған байланысты мақалада болашақ мұғалімдердің трансверсальды дағдыларының бастапқы жағдайын анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Мақалада жүргізілген теориялық талдау мен эмпирикалық зерттеуінің нәтижесінің негізінде "Бастауыш білім берудегі ментор-педагог" атты инновациялық білім беру бағдарламасын әзірленді. Орындалған зерттеу болашақ педагогтарды даярлау барысында трансверсальды дағдыларды енгізу және іске асыру туралы идеяны дамытады. Мақала жазу барысында алынған нәтижелер болашақ мұғалімдерді даярлауға оң әсерін тигізеді. Трансверсальды дағдыларды дамытудың отандық және шетелдік озық тәжірибесін трансформациялау болашақ мұғалімдердің дизайн-ойлауын дамытуға негіз болады. Оған қоса, ұсынылып отырған инновациялық білім беру бағдарламасы ЖОО-дағы болашақ
мұғалімдердің кәсіби даярлығының сапасын арттыруға, сондай-ақ практик-мұғалімдердің білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыруға негіз болады.
Түйін сөздер: трансверсалды құзыреттілік, трансверсалды дағдылар, 21-ғасыр құзыреттері; инновацияны бейімдеу; инновациялық білім беру бағдарламасы; мұғалімнің қабылдауы; болашақ мұғалімдер.

Жүктелулер

Как цитировать

Abibulayeva, A., Abdykhalykova, Z., & Assylbekova, M. (2023). Болашақ мұғалімдердің трансверсалды дағдыларын дамытуға арналған инновациялық білім беру бағдарламасы. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 75(2), 22–31. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.03

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер