Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагог-психологтарды оқушыларға кәсіби бағыт бағдар беруге даярлау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024780109Аннотация
Мақалада білім беруді цифрландыру жағдайына сәйкес, оның ішінде білім берудегі инновациялық процестерге сүйене отырып, болашақ педагог-психологтарды оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысына дайындаудың ұйымдастырылуы, құрылымы, мазмұны қарастырылады. Қазіргі педагог-психолог оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмысына дайын болуы, оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзін-өзі тануын, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру бойынша білім мен дағдыларды игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасай білуі, оқушылардың қабілеттерін дамыта білуі, оның ішінде кәсіптік-бағдарлау қызметін цифрландыру жағдайларына бейімдей алуы қажет.
Зерттеудің мақсаты - болашақ педагог-психологтарды білім беруді цифрландыру жағдайында оқушылардың кәсіби бағдарлануына дайындауды ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу. Мақалада кәсіптік бағдар беру, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы, болашақ педагог-психологтарды даярлау, кәсіптік даярлау ұғымдарының мәні нақтыланды. Болашақ педагог-психологтарды оқушылардың кәсіби бағдарлануына дайындау мәселесін қарастырған отандық және шетелдік ғалымдардың жұмыстарына ғылыми-теориялық талдау жүргізілді. Жоғары сынып оқушыларының қазіргі заманғы кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асырудың жай-күйі мен тәсілдеріне қатынасын анықтау мақсатында олардан сауалнама алынды. Сондай-ақ болашақ педагог-психологтардың оқушыларға кәсіптік бағдарлау жұмысының маңыздылығын, оны жүзеге асырудың заманауи өзекті технологияларын түсіну дәрежесі зерттелді. Оған Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ, Көкшетау университеті және Қарағанды Bolashaq академиясының студенттері қатысты. Көмекші құрал ретінде болашақ педагог-психологтар оқушыларды кәсіптік бағдарлау кезінде веб-сайтты, цифрлық технологиялардың басқа мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Түйін сөздер: Білім беруді цифрландыру, педагог-психолог, кәсіптік бағдар, кәсіби өзін-өзі анықтауы, даярлау, кәсіби даярлық, құзыреттілік, цифрлық технологиялар.