Мультимедиялық технологиялар жас оқытушыларды инновациялық қызметке тарту құралы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024790204Аннотация
Мақала білім беруде мультимедиялық технологияларды қолданудың өзекті мәселесіне, сондай-ақ жас оқытушыларды инновациялық қызметке тарту үшін олардың тиімділігін зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты жас оқытушыларды инновациялық қызметке тарту үшін edweb.net сайт материалдары қолданылатын онлайн-курстың тиімділігін анықтау болды. Зерттеуге эксперименттік және бақылау топтары алынды, әрбір топта 30 оқытушыдан болды. Эксперименттік топта әр түрлі құралдар мен стратегияларды қолдана отырып, олардың негізінде тапсырмаларды орындауды қажет ететін, онлайн оқыту мен оқытудың әртүрлі аспектілерін қамтитын 8 вебинар қарастырылды. Студенттерге-бағытталу және қатысушылардың оқытуда жаңа идеялар мен тәжірибелерді енгізуге бейімділігін өлшеу үшін бейімделген сауалнамалар пайдаланылды. Сапалық талдау мақсатында жекелеген қатысушылармен қосымша сұхбат жүргізілді. Нәтижелерге сәйкес, эксперименттік топта инновацияның орташа жиынтық баллы бақылау тобымен салыстырғанда зерттеу кезеңінде айтарлықтай өсті (p = 0,043). Сонымен қатар эксперименттік топқа қатысушылар зерттеу аяқталғаннан кейін бақылау тобымен салыстырғанда (p = 0,014) студенттерге-бағытталудың да жоғары деңгейін көрсетті. Сұхбат нәтижелері эксперименттік топ қатысушыларының киберқауіпсіздік туралы хабардарлығындаға оң өзгерістерді, оқу үдерісінде цифрлық ресурстарды қолданудың маңыздылығын түсінуді, білім беру технологияларын пайдалану кезінде этикалық нормаларды сақтауды, сондай-ақ интроспекция мен кәсіби өсуге ұмтылуды көрсетеді. Зерттеу нәтижелері білім берудегі мультимедиялық технологиялардың тиімділігі және олардың жас оқытушылардың кәсіби дамуына әсері туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қорытындыда жас оқытушылар үшін онлайн-курстар мен мультимедиялық ресурстарға қолжетімділікті насихаттау мен қолдаудың маңыздылығы, оларды мультимедиялық технологияларды белсенді пайдалана отырып онлайн-курстарға қатысуға ынталандыру, кәсіби даму мен инновацияларды енгізуді ынталандыру мақсатында әріптестермен тәжірибе алмасу және ынтымақтастық, сондай-ақ одан әрі зерттеулерді жалғастырудың маңыздылығы туралы бірқатар тұжырымдар мен ұсыныстар келтірілген.
Түйін сөздер: инновациялық қызмет, студентке-бағытталу, жас оқытушы, онлайн-курс, вебинар.