Болашақ әлеуметтік педагогтардың еңбек қызметіне дайындығын бағалаудағы кәсіби стандарттардың рөлі туралы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.01Аннотация
Мақалада Ұлттық біліктілік тестілеу (ҰБТ) өткізу шеңберінде қазіргі уақытта елімізде қолданылатын өлшеуіштердің біліктері мен дағдыларының өлшенуі және өлшенбеуі тұрғысынан ҚР "Әлеуметтік педагог" кәсіби стандартына талдау ұсынылған. Бұл емтихан білім беру саласында өткізілетін жалғыз біліктілік емтиханы болып табылады. ҰБТ шеңберінде білім беру саласындағы мамандар (мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер; болашақ мұғалімдер, яғни педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері; әлеуметтік педагогтар және т.б.) тестілеу түрінде тапсырады, онда нақты пәндер бойынша пәндік білім тексеріледі. Мақаланың мақсаты қолданыстағы біліктілік емтиханы форматының әлеуметтік педагогтардың біліміне, іскерлігіне, дағдыларына қойылатын талаптарды сипаттайтын кәсіби стандарттың күтілетін нәтижелеріне сәйкестігін тексеру болып табылады. Осы талаптарды талдау әлеуметтік педагогтардың кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындығын бағалаудың қолданыстағы құралы мамандардың дайындық деңгейін толық анықтауға мүмкіндік бермейтінін көрсетті. Біздің мақаланың аясында біз осы мәселені шешуді ұсынамыз. Фокус-топтық зерттеу жүргізілді, оған ҚР жоғары оқу орындарында оқитын 190 болашақ әлеуметтік педагогтар қатысты. Зерттеу нәтижесінде ең көп кездесетін үш проблема анықталды: балалардың әлеуметтік желілерге кіруін бақылау мүмкін еместігі; мигранттардың отбасыларымен жұмыс істеудің қиындығы; аутист балалардың көбеюі.
Өз жұмысында әлеуметтік педагог білім алушылармен, олардың ата-аналарымен, педагогтармен әлеуметтік қызмет қызметкерлерімен, психологтармен, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлармен және тағы басқалармен өзара іс-қимыл жасайды. Осы себепті мамандарды даярлауға көп көңіл бөлу керек, сонымен қатар олардың кәсіби деңгейін бағалау құралын қайта қарау қажет.
Түйін сөздер: біліктілік емтиханы, біліктілік, кәсіби стандарт, мамандардың дайындығын бағалау, дағдылардың өлшенуі мен өлшенбеуі, бағалау рәсімі.