Жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру технологияларының жіктелуі

Авторлар

  • K. Garkusha Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.06
        195 119

Аннотация

Мақалада жастардың тынығу уақытын ұйымдастыруда қолданылатын технологияларды жүйелеу, олардың жіктелуін әзірлеу мәселелері қарастырылады. Зерттеу нысаны жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру болып табылады. Зерттеу тақырыбы – жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру технологияларының жіктелуі. Мақсаты – жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру технологияларының жіктелуін оларды әртүрлі белгілердің жиынтығы бойынша жүйелеу әдісі ретінде негіздеу және әзірлеу. Зерттеудің міндеттері – мәселенің зерттелу дәрежесін анықтау; жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру тәжірибесінде қолданылатын технологияларды бөліп көрсету; жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру технологияларының жіктелуін теориялық тұрғыдан негіздеу және әзірлеу; қолданылатын технологияларды олардың маңызды сипаттамаларына сәйкес топтастыру. Қойылған міндеттерді шешу жалпы ғылыми әдістерді қолдану негізінде шешілді: ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау; алынған деректерді синтездеу; жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру бойынша ақпарат жинау, талдау және озық тәжірибені жалпылау, тәжірибеде қолданылатын технологиялар; жіктеу – технологияларды белгілі бір белгілер бойынша топтарға бөлу. Нәтижесінде, автор бір жағынан тәжірибеде қолданылатын технологиялардың кең спектрі, екінші жағынан олардың жіктелуінің негізділігі мен дамуының жеткіліксіздігі туралы қорытынды жасайды. Қолданылатын технологиялардың әртүрлілігі оларды жіктеуді, белгілі бір белгілер бойынша топтар мен кластарға біріктіруді талап етеді. Автор мәдени-демалыс саласында қолданылатын технологияларды топтастырудың әртүрлі тәсілдерін талдады. Сонымен, технологияларды жіктеудің белгілері ретінде: мәдени-тынығу қызметі қатысушылерінің өзара әрекеттесу сипаты (авторитарлық, тұлғалық-бағдарланған, адамгершілік-тұлғалық, ынтымақтастық); қолданылатын дәстүрлі және инновациялық жұмыс әдістерінің арақатынасы (дәстүрлі, балама, инновациялық технологиялар); қатысушылардың жас құрамы (балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, ересек жастағы адамдардың тынығу уақытын ұйымдастыру технологиялары) ажыратып көрсетілген. Автор жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру технологияларын келесі белгілер бойынша жіктеуді негіздеді: функционалдық белгісі бойынша; қолданылатын жұмыс әдістері бойынша; мазмұндық бағыты бойынша. Жүргізілген зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: алынған нәтижелер жастардың тынығу уақытын ұйымдастыруда қолданылатын технологиялар туралы білімді кеңейтуге, балама таңдау, жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында оларды негіздеуге және жіктеуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: жастардың тынығу уақыты, жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру технологиялары, жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру технологияларының жіктелуі.

Жүктелулер

Как цитировать

Garkusha, K. (2023). Жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру технологияларының жіктелуі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 77(4), 65–75. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.06

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі