Бастауыш мектепте ақпараттық білім беру ортасында қолданылатын тапсырмаларды дамыту

Авторлар

  • Д.Т. Белесова Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.
  • А.Б. Ибашова Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.
  • Г.С. Шаймерденова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024790205

Аннотация

Білімді табандылық пен шыдамдылық арқылы мақсатқа жету дәрежесін анықтаудың жүйелі процесі ретінде анықтауға болады. Қазір білім беру жүйесі дәстүрлі оқытудан цифрлық инклюзия әдістемесіне парадигманың ауысуының куәсі болып отыр. Өзгеріс мұғалімдердің әлеуетін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың халықаралық аренада өздерін биіктен көрсетуі үшін олардың білім базасын арттырады. Сондықтан, дамып жатқан технологиялар  білімді ұрпақты тәрбиелеуде және заманауи мектептегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Бастауыш мектеп бағдарламасына  компьютерлік білім берудің енгізілуі осы міндеттерді шешудің бір жолы болып табылады. Мақалада  бастауыш мектептегі “Цифрлық сауаттылық”  пәніндегі бағдарламалау бөліміне тоқталатын боламыз. Атап айтқанда,  бастауыш мектеп оқушыларына арналған бағдарламалау тапсырмаларын жобалаудың  тәсілдерін әзірлеп, сапалы зерттеудің үдерісі мен нәтижелерін ұсынамыз. Бұл тапсырмалардың бастауыш сынып оқушыларына қандай танымдық талаптар қоятынын, оқушылар нені қиын, нені жеңіл деп санайтынын анықтау мақсатында – бастауыш мектепте бағдарламалау бойынша білім беру үшін тиімді болатын әдістемені қарастырамыз. Осы мақсаттарға жету үшін бастапқы бағдарламалаудағы қарапайым танымдық операцияларды анықтауымыз керек және осы әрекеттердің негізінде бағдарламалау тапсырмаларының күрделілік деңгейін қарастыруда неғұрлым сауатты болуды және тапсырмалардың дұрыс градациялық ретін (градациясын) құрастыруды, бастауыш сынып оқушыларының бағдарламалау дағдыларын және есептік ойлауын дамыту көзделінеді. Тәжірибелік эксперимент жұмысы Шымкент қаласы «ADAN»  бастауыш білім беру ұйымының және А.Навои атындағы  №11 жалпы орта мектептерінің базасында өткізілді. Зерттеуге 1-ші және 3-ші сынып оқушылары қатысты.   

Түйін сөздер: Ақпараттық білім беру ортасы, алгоритм, сызықтық алгоритм, алгоритмдік ойлау, есептік ойлау,  оқыту,  цифрлық сауаттылық.

Жарияланды

2024-06-20

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру