Цифрлық ортадағы бақыланатын өзін-өзі оқыту: адами капиталды қалыптастырудың педагогикалық тәсілдері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2025855Аннотация
Мақалада жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық тәсілдер, жылдам цифрлық трансформация жағдайында тиімді бейімделе алатын адами капиталды қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – оқытушы тәлімгер және фасилитатор рөлін атқаратын, ал студенттер өз білім алуына көбірек жауапкершілік алатын «басқарылатын өзіндік оқыту» жүйесін негіздеу және ұсыну.
Мақаланың ғылыми маңыздылығы педагогтің дәстүрлі рөлін қайта пайымдаумен және еңбек нарығының талаптарына жауап беретін болашақтың негізгі құзыреттерін (сыни ойлау, жасанды интеллектімен жұмыс істеу қабілеті) анықтаумен байланысты.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы жоғары оқу орындарының цифрлық инфрақұрылымын кеңейту, оқытушылардың инновациялық қызметін ынталандыру және жобалық оқыту формаларын енгізу бойынша нақты шараларды ұсынуында көрінеді. Зерттеу әдіснамасы нормативтік құжаттарды, ғылыми жарияланымдарды талдауға және цифрландыру деңгейі әртүрлі жоғары оқу орындарының педагогтарымен жүргізілген сараптамалық сұхбат нәтижелеріне негізделген. Сараптамалық сұхбатқа Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 50 оқытушы қатысты.
Негізгі қорытындылар цифрлық құралдарды енгізу оқу үдерісінің тиімділігін арттыратынын, алайда қосымша ресурстар мен педагогтердің біліктілігін арттыру қажеттігін көрсетеді. Зерттеудің құндылығы цифрлық технологиялардың икемділігін педагогикалық қолдаумен үйлестіретін, түлектердің қазіргі еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін оқыту моделінің ұсынылуында.
Түйін сөздер: адами капитал, бақыланатын өзін-өзі оқыту, цифрлық трансформация, сыни ойлау, ЖИ.
