Магистратураға түсу емтиханының құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асырылатын ағылшын тілі тестінің жарамдылығы мен сенімділігін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20247902012Аннотация
Мақаланың зерттеу пәні магистратураға түсушілер үшін ағылшын тілі бойынша тест тапсырмаларының сапасын бағалаудың статистикалық модельдері мен әдістері болып табылады. Зерттеуде Winsteps көмегімен деректерді талдау үшін Раш моделі қолданылды. Әзірленген тест тапсырмаларының сапасын бағалау кезінде тест тапсырмалары бойынша статистикалық сипаттамалар алынды. Ғылыми зерттеу мәнмәтінінде идеяларды дамыту мен қолдану үшін алған білімді іске асыру.Тест тапсырмасының жарамдылығы мен сенімділігі, тапсырманың қиындығы, корреляция коэффициенті, келісім статистикасы, тестіленушілердің дайындық деңгейі мен тест тапсырмаларының қиындығы арасындағы сәйкестік көрсеткіштері ескерілді. Раш моделінің эксперименттік деректерінің сәйкестігі сипаттамалық қисықтар арқылы бағаланды. Тест тапсырмаларының үйлесімділігі Хи-квадрат критерийі негізінде анықталып, тест нәтижелері Раш моделіне негізделген күтілетін мәндермен салыстырылды. Rasch IRT нәтижелері тест тапсырмаларының сапасы, жарамдылығы және сенімділігі туралы егжей-тегжейлі ақпарат береді. Алынған мәліметтер негізінде ағылшын тілі бойынша тест тілді меңгерудің жоғары деңгейіне сәйкес келетіндігі және магистратураға түсу емтиханының құрамдас бөлігі ретінде қолдануға болатындығы анықталды.Мақала білім беру саласындағы мамандардың кең ауқымына, сондай-ақ біздің еліміздегі жоғары білім беру мәселелеріне қызығушылық танытатын адамдарға арналған.
Түйін сөздер: Раш моделі, тест тапсырмасының жарамдылығы мен сенімділігі, қиындығы, корреляция коэффициенті.