Қазақстандық ЖОО-да шетелдік студенттердің бейімделу ерекшелігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20247801012Аннотация
Мақалада мемлекеттер арасындағы халықаралық қатынастарды жетілдіруге көмектесетін және білім беруді интернационалдандыруға ықпал ететін шетелдік студенттерді оқыту мәселелері қарастырылады. Қазіргі уақытта көптеген шетел азаматтары жоғары білім алу үшін Қазақстандық жоғары оқу орындарын, соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдайды. Сонымен қатар, шетелдік азаматтарға кейде бейтаныс елде бейімделу қиынға соғады. Мақаланың мақсаты - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шетел азаматтарын бейімдеудің кейбір проблемаларын анықтау және осы проблемаларды шешуді ұсыну. Зерттеудің педагогикалық тәжірибені жалпылау, деректерді талдау және синтездеу әдістері. Зерттеу базасы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі факультет, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасы. Педагогикалық тәжірибені талдау барысында шетел азаматтарында психофизикалық, әлеуметтік, коммуникативтік сипаттағы проблемалар, тілдік және тұрғын үй проблемалары туындайтыны анықталды. 2023-2024 оқу жылының 3 айдың көлемінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі факультетінің 118 шетел азаматтарына сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері студенттердің әлеуметтік және білім беру ортасында бейімделуін жақсарту, сондай-ақ елдер арасындағы халықаралық қатынастарды кеңейту, Қазақстан мен басқа елдердің жоғары оқу орындары арасында байланыс орнату мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Түйін сөздер: шетел азаматтары, бейімделу, әлеуметттік бейімделу, педагогикалық бейімделу, психологиялық бейімделу.