Мектеп басшыларың пікірлері бойынша мектептерде орын алатын конфликттің себептері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024780106Аннотация
Адам өмірінің маңызды бөлігін әлеуметтік қарым-қатынас және өзара қарым-қатынаста өткізеді. Әртүрлі идеялары мен құндылықтары бар адамдар осы құндылықтарға сәйкес өмір сүреді. Мінезі мен көзқарасы әртүрлі адамдардан тұратын қоғамда кейбір түсініспеушіліктер мен келіспеушіліктер орын алатыны заңдылық. Бұл келіспеушіліктер адамдар арасындағы конфликт тудырады. Барлық ұйымдардағы сияқты мектептерде туындайтын конфликттердің де маңызы зор және олардың алдын алу керек. Осы тұрғыдан қарастырғанда конфликт тақырыбы Өскемен қаласындағы кейбір мектептерді де бей-жай қалдырмағаны байқалды.
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Өскемен қаласындағы мектеп басшыларының пікірі бойынша мектептердегі конфликттердің себептері қарастырылды. Деректер зерттеуге қатысқан мектеп басшылары туралы «Жеке ақпаратар» және «Конфликттың себебін анықтауға арналған» сауалнама пайдалану арқылы жиналды. «Конфликттың себебін анықтауға арналған» сауалнама мектептерде орын алатын конфликт жағдайларына қатысты 33 тармақтан тұрады. Зерттеу Өскемен қаласының 30 мектебінде жүргізілді. Зерттеуге 99 мектеп басшысы қатысты (2019-2020 оқу жылы). Деректерді талдау кезінде сандық зерттеу әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мектеп басшыларының пікірінше, мектептердегі конфликттердің себептері «көп жағдайда» келесі 6 тармақты құрады: «мұғалімнің басшыға деген жеке басының жағымсыз көзқарасы», «мұғалімнің рұқсатсыз жұмыстан кетуі», «мұғалімнің сабаққа жиі кешігіп келуі», «жеке тұлғалық айырмашылықтар», «мұғалімдердің басшыға қарсы топтасуы» және «мұғалімдердің басшымен бетпе-бет қарым-қатынастан қашуы».
Бұл жұмыстың зерттеу құндылығы мен маңыздылығы зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер, мектептердегі конфликттердің алдын алуға және Өскемен қаласының мектептерінде салауатты ортаны құруға ықпал етеді деген сенімде. Авторлар өз зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, мектептерде туындайтын конфликттерді жою бойынша өзіндік ұсыныстарды келтіреді.
Түйін сөздер: мектеп басшылары, конфликттер, мектептердегі конфликттер, мектептердегі конфликттердің себептері.