«Біліктілікті арттыру» парадигмасынан «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы» парадигмасына өту шарттары, механизмдері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.04Аннотация
Бұл мақалада біліктілікті жетілдіру парадигмасынан педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы парадигмасына өту жағдайы, механизмі, ресурстары ғылыми негізделеді. Қазақстанның білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім сапасын қамтамасыз етудің ең маңызды шарты педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы болып табылады. Соған байланысты бұл мақалада қазіргі кезеңдегі өзекті мәселе ретінде педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы өту жағдайы қарастырылады. Зерттеу мақсаты: «Біліктілікті арттыру» парадигмасынан «педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы» парадигмасына өту шарттарын, механизмдерін, ресурстарын ғылыми негіздеу. Зерттеу әдістері: мазмұнды талдау, салыстырмалы талдау, теориялық талдау. Жұмыстың нәтижесі: концептуалды тәсілдер негізінде «біліктілікті арттыру» парадигмасынан «педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы» парадигмасына көшу себептерін ғылыми негіздеу бойынша аналитикалық есеп құрастырылды; салыстырмалы тұрғыдан алғанда, «біліктілікті жетілдіру» парадигмасы «педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы» парадигмасына, «педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы» енгізудің халықаралық және қазақстандық тәжірибесі зерттелді. Қолдану аясы: орта білім беру жүйесі; кәсіптік педагогикалық білім, жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, қосымша кәсіптік педагогикалық білім; педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі. Шығындық тиімділік - Персоналдың тұрақсыздығы азаяды, проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындар азаяды
Түйін сөздер: үздіксіз педагогикалық білім беру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру.