ЖОО-да студенттердің көркем мәтінді түсіну деңгейін автор-оқырман қатынасы моделі негізінде арттыру әдістемесі

Авторлар

  • Ғ.С. Қамбарова Сүлейман Демирел университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Б.Д. Жұмақаева Сүлейман Демирел университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • К.А. Калдыбаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20247902014
        42 28

Аннотация

Мақалада автор мен оқырман қатынасы аясында студенттердің көркем шығарманы түсіну деңгейін арттыру мәселесі қарастырылады. Көркем мәтінді қабылдаудың екі түрлі позициясы айқындалып, зерттеуіміздің негізінде мәтін-оқырманның автордың шығарма ішіне өрнектеген көркем шындығына өз қарым-қатынасын білдіре алатын алаңы ретінде қарастырылады. «Автор-мәтін-оқырман» үштігі тұрғысынан мәтіннің мән-мағынасын тереңінен қарастырудың үш аспектісі сипатталады. Олардың әрқайсысына жеке тоқталып, ғалымдардың ой-пікірімен нақтыланады. Көркем шығарма автор мен оқырман арасындағы қарым-қатынасқа құрылған оқиға тұрғысынын пайымдалады. Сәйкесінше, ЖОО-да автор мен оқырман қатынасы негізінде көркем шығарманы түсініп оқытудың тиімді, жаңа әдіс-тәсілдерін құру қажеттілігі айқындалады. Әдістеме ғылымында аталған мәселе бойынша жаңашыл ізденістерді саралай келіп, автор мен оқырман қатынасын айқындайтын нысандар топтастырылады. Нәтижесінде автор-оқырман қатынасының жаңаша моделі жасалынады. Теориялық тұжырымдаманың тәжірибедегі тиімділігі тексеріледі. Анықтаушы кезең нәтижесі бойынша студенттер көркем шығарманы талдауда оқиғаның сюжетіне, мазмұнына ғана назар аударумен шектелетінін және авторлық позицияның көрінісін іздеуге тырыспайтыны анықталады. Ағымдағы нәтижелер негізінде студенттің көркем шығарманы саналы оқуын мақсат ететін «кітап оқу күнделігі» тәсілі ұсынылады. Қорытындылай келе, ұсынылған тәсіл көркем мәтінді түсіну деңгейін арттыруға ықпал етеді деген тұжырым жасалынады. Аталған әдісті апробациядан өткізуге Сүлейман Демирел университетінің 30 студенті қатысты.

Түйін сөздер: автор; автор-мәтін-оқырман үштігі; көркем шығарма; автор-оқырман қатынасы; мәтінді түсіну; әдебиетті оқыту әдістемесі; «кітап оқу күнделігі»

Жүктелулер

Жарияланды

2024-06-20

Как цитировать

Қамбарова, Ғ., Жұмақаева , Б., & Калдыбаева , . К. (2024). ЖОО-да студенттердің көркем мәтінді түсіну деңгейін автор-оқырман қатынасы моделі негізінде арттыру әдістемесі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 79(2), 169–179. https://doi.org/10.26577/JES20247902014

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі