Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлауда қазақтың этнопсихологиялық ерекшеліктері мен этнопедагогикалық дәстүрлерін қолдану
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024780102Аннотация
Мақалада бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда этнопедагогикалық және этнопсихологиялық негіздерді қолдану мәселелері қарастырылған. Авторлар зерттеу барысындпа балалардың, сондай-ақ болашақ мұғалімдердің жаңа ұрпағын тәрбиелеудегі этнопедагогикалық құндылықтар мен принциптерді алға тартады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау процесінде ұлттық қасиеттерді пайдалану балаларға еліміздің ұлттық-мәдени құндылықтарын үйретумен байланысты. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері – бірінші сынып оқушыларына ұлттық-мәдени білімдерді бірінші болып үйрететін кәсіби мамандар. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлауда қазақ халқының этнопсихологиялық ерекшеліктері және этнопедагогикалық дәстүрлерін дамыту әдістемесін жалпылау зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болды. Зерттеу нәтижелерін кез-келген педагогикалық білім беруде қолдануға болады. Зерттеудің жаңалығы – қазақ халқының этнопсихологиялық ерекшеліктері және этнопедагогикалық дәстүрлері негіздері мен салт-дәстүрлеріне сүйене отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дайындауды жетілдірудің маңызды 10 шартын ұсынуында. «Тұлға дамуының этнопедагогика және этнопсихологиясы» атты элективті курсының бағдарламасы ұсынылды. Зерттеудің эмпирикалық бөлігіне ұлттық мектепте бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінде этнопедагогикалық білімдерді қолдану мүмкіндіктері туралы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде оқитын студенттерінен арнайы сауалнама және 23 студенттен сұхбат алынды.
Түйін сөздер: бастауыш сынып мұғалімдері, кәсіби даярлау, бастауыш білім беру, этнопсихологиялық ерекшеліктер, этнопедагогикалық ерекшеліктер, жеке тұлға, ұлттық педагогика.