ХХІ ғасырдың білім беру жүйесінде жасанды интеллектісі: SWOT – талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024790203Аннотация
ХХІ ғасырда жасанды интеллектке (бұдан әрі - ЖИ) деген қызығушылықтың өсуі байқалады. Ол банк ісі, автокөліктер, ұялы телефондар және медициналық зерттеулер, кадрларды даярлау сияқты салалардың кең спектрінде қолданылады. Оның ғылым, технология және экономика үшін әлеуеті өте зор және олардың тиімділігі мен адамдардың өмір сүру жайлылығын жақсартуды көздейді. Алайда, ЖИ сонымен қатар жұмыс орындарын жоғалту қаупі, жеке өмірге қол сұғушылық және кемсітушілік сияқты этикалық және әлеуметтік мәселелерді тудырады. Мақалада студенттер мен оқытушылардың білім беруде жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін бағалауы бойынша әдеби шолу, эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктері, перспективалары мен қауіптері педагогикалық әдебиетке SWOT-талдауға негізделген мета-анализ жасау арқылы және университеттердің, соның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары мен студенттері арасында жүргізілген сауалнама арқылы анықталды. Алынған мәліметтер статистикалық әдістерді қолдану арқылы талданды. Сонымен қатар сипаттамалық статистика жүргізілді. Біздің ойымызша, деректердің қауіпсіздігіне кепілдік беретін этикалық нормаларды құру және барлық студенттер үшін білімге қол жетімділік білім беруде жасанды интеллектті тиімді қолдану үшін қажет.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, қоғам, мүмкіндіктер, цифрлы дәуір, болашақ педагогтар.