Аутистік спектр бұзылысы бар балалармен жұмыста психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қолданылатын құралдары және рөлі

Авторлар

  • М. Сулеймен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.; SDU University, Қазақстан, Қаскелең қ.
  • Л. Кожагельдиева SDU University, Қазақстан, Қаскелен қ.
  • Н. Ахметова SDU University, Қазақстан, Қаскелен қ.; С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Казақстан, Алматы қ.
  • Л. Кошербаева SDU University, Қазақстан, Қаскелен қ.; С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Казақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024780104
        211 89

Аннотация

Қазақстан, барлық елдер сияқты, БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатын, атап айтқанда, бүкіл халықтың білім алуын қамтамасыздандыруға және оны қолдауға тырысады. Зерттеудің мақсаты - аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеуде психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің (ПМПК) рөлін және олардың қолданатын құралдарын зерттеу болып табылады.

Әдістері: ПМПК қызметкерлері үшін 16 сұрақтан тұратын сауалнама жасалды. Сауалнама Google forms қосымшасымен жүргізілді. Нәтижелер SPSS.13 бағдарламасының көмегімен талданды. Сонымен қатар, статистикалық түрде өлшенуі үшін кодталған ашық сұрақтар бойынша талдау да жүргізілді. Тақырыптық тәсіл жоғары сапалы зерттеу деректерін алу үшін пайдаланылды.

Нәтижелер. Сауалнамаға Қазақстанның сегіз аймағынан 346 респондент қатысты. Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі АСБ бар балалардың өсуіне назар аударады және осы фактіні қоршаған ортамен, генетикамен және цифрлық технологиялардың дамуымен байланыстырады. Алты категория анықталды: әлеуметтену, қарым-қатынас, танымдық, мінез-құлық, өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары, сондай-ақ жалпы білім беретін мектепке АСБ бар баланы анықтауға арналған заңдар мен стандарттар.

АСБ және оларға күтім жасап жүрген адамдарға қолдау көрсету үшін ПМПК мамандарының біліктілігін арттыру қажеттілігі анықталды.

Түйін сөздер: аутистік спектр бұзылысы, ПМПК, ерекше білім беру қажеттілігі, инклюзивті білім беру, диагностика

Жүктелулер

Как цитировать

Сулеймен M., Кожагельдиева L. ., Ахметова N., & Кошербаева L. . (2024). Аутистік спектр бұзылысы бар балалармен жұмыста психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қолданылатын құралдары және рөлі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 78(1), 41–53. https://doi.org/10.26577/JES2024780104

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер