Қазақстандағы жеке университеттердегі академиялық лауазымдар жүйесі және мансаптық өсу саясаты
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024780105Аннотация
Жоғары оқу орындарында бәсекелестіктің күшеюі жағдайында қазақстандық университеттер тек студенттер арасында ғана емес, сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрам арасында да дарындылық үшін бәсекеге түсуде. Дегенмен, Қазақстандағы университеттердің пайда болған автономия жағдайында кадр саясатын қалай өзгертетінін түсіну шектеулі. Бұл мақала қазақстандық университеттердегі кадрлық саясатты құрудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде академиялық лауазымдар жүйесін және академиялық жоғарылату саясатын талдауға арналған. Құжаттарды талдау арқылы біз Қазақстанның екі жекеменшік университетінің даму стратегияларын, профессорлық-оқытушылық құрамы туралы және профессорлық-оқытушылар құрамының рейтингт ережелерді талдадық. Жекеменшік университеттер өздерінің стратегиялық мақсаттары мен халықаралық тәжірибеге сәйкес кадр саясатын белсенді түрде реформалап жатқаны анықталды. Мансаптық өсу біліктілікке немесе тиісті дәреженің болуына, ғылыми, педагогикалық немесе практикалық қызметтегі тәжірибесіне және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелеріне негізделеді. Дегенмен, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының негізгі қызметі білім беру болып қала беретініне қарамастан, оқытуға бағытталған позициялар оқытушылық қызмет нәтижелерін есепке алмайды. Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері негізінен университеттер арасында әртүрлі болатын сандық көрсеткіштермен өлшенеді. Сонымен қатар, бағалау критерийлері нақты сипатталмауы мүмкін, бұл кадрлық саясаттың объективтілігі мен ашықтығы деңгейін төмендету тәуекелдерін тудырады. Бұл зерттеудің нәтижелері университеттердің жаһандық академиялық қауымдастығына кіруге ұмтылатын дамушы елдердегі академиялық жоғарылау саясатының даму тенденциялары туралы түсінікті кеңейтеді. Бұған қоса, олар университеттің мансаптық саясатын жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін.
Түйін сөздер: академиялық мансап, академиялық лауазым, жоғарылату саясаты, жоғары білім, жеке университет.