Болашақ әлеуметтік педагогтарда soft skills дағдыларын дамытудың шарттары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024780101Аннотация
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау қазіргі қоғамның сын-тегеуріндеріне жауап бере алатын және әлеуметтік интеграция мен дамуға елеулі үлес қоса алатын білікті мамандарды қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады. Алайда, қазіргі заманғы еңбек нарығының тәжірибесі көрсеткендей, тез өзгеретін әлемде тек қатаң, техникалық дағдыларға бағдарлану болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби жетістіктерін қамтамасыз ете алмайды, soft skills дағдыларын дамытудың барабар қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты, бұл мақалада жоғары оқу орындарында әлеуметтік педагогтарды даярлау процесінде soft skills дағдыларын дамыту шарттары келтірілген. Soft skills тұжырымдамасына талдау жасалды, әлеуметтік педагогтарға қажетті soft skills дағдылары анықталды. Soft skills дағдыларын дамыту 6В01801 – «Әлеуметтік педагогтарды даярлау» білім беру бағдарламасы студенттерінің болашақ әлеуметтік-педагогикалық қызметінде кәсіби табысты қамтамасыз ететін даярлаудың міндетті компоненті ретінде қарастырылды. Осыған байланысты авторлар студенттердің әлеуметтік-педагогикалық қызметін дамытуға ықпал ететін отандық және шетелдік білім беру бағдарламаларына, технологияларға, soft skills дағдыларын білім беру бағдарламаларына интеграциялау жолдарына талдау жүргізді. Мақаланың практикалық бөлімінде «Әлеуметтік педагогтарды даярлау» білім беру бағдарламасы студенттерінің soft skills дағдыларына көзқарастарын, қатынастарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Оған Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 35 студенті қатысты. Теориялық талдау мен эмпирикалық зерттеудің нәтижесі soft skills дағдыларын дамытудың педагогикалық жағдайларын құрудың негіздемесі болып табылады.
Түйін сөздер: soft skills, дағдылар, әлеуметтік педагог, кәсіптік даярлау, даму, білім беру бағдарламасы, жоғары оқу орны.