Университеттің инклюзивті ортасын ұйымдастыру негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу

Авторлар

  • Ә.М. Құдайбергенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • А.Қ. Курманбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • А. А. Меирбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20247902011
        98 60

Аннотация

Мақалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің университеттің инклюзивті ортасын ұйымдастыру негізінде әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу мәселелері қарастырылады. Зерттеу тақырыбы еліміздегі инклюзивті білім беру саласының өзектілігі негізінде алынған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың құқықтары негізге алынған еліміздің нормативтік-құқықтық, заңнамалық құжаттары мен арнайы даму бағдарламаларына да сипаттама жасалған. Зерттеудің мақсаты ретінде университеттің инклюзивті ортасын ұйымдастыру негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеудің ғылыми негіздемесі алынды. Мақалада зерттеу тақырыбын қарастырған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау жасала отырып, ондағы әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу ұғымының мәні қарастырылады. Әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеудің деңгейлері мен сатыларына талдау жасалды. Зерттеудің тәжірибелік бөлімінде әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеуді тиімді жүргізуге қажетті мәселелерді анықтау мақсатында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерден арнайы құрастырылған сауалнама, К. Роджерс пен Р. Даймонд әлеуметтік психологиялық бейімделуді диагностикалау әдістемесі жүргізілді. Тәжірибеге ерекше білім беру қажеттіліктері бар 11 студент және денсаулық жағдайы «шартты түрде» қалыпты 15 студент қатысты. Әдістемелер нәтижелері талданып, зерттеудің қорытындысы жасалды. Сондай-ақ, зерттеу қорытындысы негізінде ұсыныстар жасалды.

Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, инклюзивті орта, университеттің инклюзивті ортасы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) студенттер, әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Құдайбергенова, Ә., Курманбек, А. ., & Меирбекова, А. А. . (2024). Университеттің инклюзивті ортасын ұйымдастыру негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 79(2), 132–142. https://doi.org/10.26577/JES20247902011