А Аралас оқытуда болашақ биология мұғалімдерінің цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024790207Аннотация
Мақалада болашақ биология мұғалімдерін оқыту мен білім беруде педагогикалық жаңа оқыту тәсілдерін пайдаланудың негізгі артықшылықтары мен цифрлық құзерттілігін қалыптастыру қажеттілігі мен тәжірибесі, зерттеу нәтижелері келтірілген. Бүгінгі болашақ биология пәні мұғалімдеріне заман ағымына сай өте үлкен ақпаратты тек игере алу ғана емес, бойындағы білімді нақты өмірде қолдана алуға қабілетті, білікті, сапалы маман болуы жалпы білім беру мекемелері тарапынан қойылатын талаптарға сай болуы өзекті. Сондықтан да, болашақ биология мұғалімінің цифрлық құзыреттілігін аралас оқыту жағдайында қалыптастыруды тeopиялық тұpғыдaн дәйектеу, әдiстeмeсiн жасау негізінде зерттеулер арқылы тиімділігін анықтау мақаланың маңыздылығын айқындайды. Осы мақсатта, зерттеудің тиімді әдісін нақтылау әдебиеттік шолу негізінде орын алды. Ол үшін, зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген ізденістерді іріктеу алыс және жақын шет ел зерттеушілердің мақалаларына шолу университет кітапхана жүйесі арқылы қол жеткізілді. Сондай ақ, 6В01505-«Биология мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға «Биологияны оқыту әдістемесі» оқу пәннің мазмұнына сай білім алушыларда білім, білік, дағды, машықтары мен құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған тиімді әдістер мен жаңа технологияларды оқу үрдісінде қолдану мақсат етілді, нәтижеге қол жеткізілді. Білім алушыларға сабақты басқару әдістерін оқытуда білім берудің қолайлы платформаларымен қамтамасыз ету мәселесі толық қарастырылды.
Зерттеудің практикалық маңызы: «Биологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша цифрлық білім беру орта MOODLE базасын әзірлеуге пәннің мазмұнын анықтайтын дәрістік сабақтарға арналған презентация, видео лекция жазбалары даярланды. Қорыта келе, білім беру платформаларының қызметтері мен қoлдaнылy тиiмдiлiгiнің артықшылығы мақалада толыққанды келтірілген.
Түйін сөздер: аралас оқыту, цифрлық құзыреттілік, цифрлық білім беру, цифрлық трансформация, білім беру ортасы, интербелсенді технологиялар.