Мектепке дейінгі жастағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қашықтан оқыту технологиясын қолдану

Авторлар

  • М.Н. Есенғұлова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.
  • Д.Ж. Рамазанова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.
  • А.К. Тоғайбаева Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.
  • Б.Б. Ертлеуова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.
  • М.А. Аманжол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20247902010

Аннотация

Балалардың тілінің зақымдалуына байланысты дыбыстарды дұрыс айту қабілетін дамыту арнайы педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне жан-жақты шолу жасалып, логопедиялық жұмыстар арқылы дыбыс шығару кезеңдері теориялық тұрғыдан талданады. Қашықтықтан оқытуда ерекше білім беру қажеттілігі бар мектепке  дейінгі жастағы балаларды оқыту әдістемесіне шолу жасалды. Жаңартылған әдістеме қоғамдағы өзге адамдармен тең қарым-қатынас орната отырып, жоғары сапалы білім беруге және балалардың қоршаған ортаға бейімделуге мүмкіндік береді. Әдістемелерді тәжірибелік сынақтан өткізуге Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақшасымен «Сөйлеу орталығы» түзете-дамыту орталығының 20 тәрбиеленушісі (әр мекемеден 10 бала) қатысты. Зерттеу жұмысына қатысқан балалардың ата-аналарынан рұқсат пен келісім алынды. «Дыбыстар әлемі» мобильдік қосымшасы балалардың  қашықтықтан оқыту технологияларын тиімді қолдануға дайындығын дамыту үшін әзірленген. Эксперименттік зерттеу 3 кезеңнен тұрды – диагностикалық, қалыптастырушы және бақылау кезеңдері. «Сауатты бала» және «Дыбыстар әлемі» мобильді қосымшалары арнайы балабақшада сынақтан өтті. Қолданылған әдістемелердің тиімділігі көрсетілді.

Түйін сөздер: қашықтан оқыту технологиясы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, мектепке дейінгі жастағы балалар, логопедия, тіл бұзылысы.  

Жарияланды

2024-06-20