Жасөспірімдерді ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде мектептен тыс білім беру бағдарламаларының тиімділігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES202583210Аннотация
Жаһандану және ақпараттық қоғам жағдайында жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту өте өзекті. Бұл мақала жасөспірімдерді ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудегі мектептен тыс білім беру бағдарламаларының тиімділігін зерттеуге арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты - мектептен тыс бағдарламалардың жасөспірімдерде ұлттық бірегейлік, патриотизм және мәдени мұраны құрметтеу сезімін қалыптастыруға әсерін бағалау. Мақалада жасөспірімдердің жеке басының дамуындағы ұлттық құндылықтардың маңыздылығының теориялық негіздемесі келтірілген. Ойын-сауықтық, ғылыми-танымдық, спорттық-сауықтыру, құндылықты-бағдарлы, көркем-эстетикалық және техникалық шығармашылық, еңбек және кәсіпке баулу қызметі, әскери-патриоттық қызмет, туристік-өлкетану қызметі негізіндегі үйірмелердің ұлттық құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған бағдарламасының жоспары сипатталған. Эмпирикалық зерттеу үшін мектептен тыс бағдарламаларға қатысатын жасөспірімдерге, сондай-ақ, олардың ата-аналары мен сауалнама мен жағдаяттық сұрақтарды шешу әдістері қолданылды. Нәтижелер ұлттық мәдени мұраны зерттеуге және сақтауға бағытталып құрылған мектептен тыс білім беру бағдарламаларының жасөспірімдердің өз ұлтына деген оң көзқарасын және ел үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. Зерттеу нәтижелері ұлттық құндылықтарды нығайту үшін жасөспірімдерді тәрбиелеу жүйесіне мектептен тыс бағдарламаларды енгізудің қажеттілігі мен маңыздылығын растайды. Мақалада жасөспірімдерді ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында мектептен тыс жұмыстың мазмұны мен әдістерін оңтайландыру бойынша педагогтер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге арналған ұсыныстар бар.
Түйін сөздер: мектептен тыс білім беру, ұлттық құндылықтар, жасөспірімдер, патриотизм.
