Болашақ мұғалімдердің академиялық ұтқырлыққа даярлығын қалыптастыру факторлары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20258211Аннотация
Қоғамның әлемдік қауымдастыққа кірігуінің нәтижесінде орын алып жатқан өзгерістер бәсекеге қабілетті жоғары сапалы мамандарды талап етері сөзсіз. Мұндай өзгерістер білім саласына, оның ішінде болашақ мұғалімді даярлауға тікелей қатысты, өйткені, елімізде мұғалімнің мәртебесіне аса жоғары мән беріліп, мемлекет дәрежесінде заңдар мен тұжырымдамалар қабылдануда. Бұл халықаралық аренадағы күнделікті өзгерістерге сай бейімделіп, бәсекеге түсе алатын икемді, ұтқыр, кәсіби және құзіретті маман даярлауды талап етеді. Болашақ мұғалімнің кәсіби-ғылыми дамуына ықпал ететін маңызды қадамдардың бірі студенттің академиялық ұтқырлықтан өтуі. Мақаланың мақсаты болашақ мұғалімдердің академиялық ұтқырлықтан өтуге даярлығын қалыптастырудың бірнеше факторларын айқындау. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу әдістері ретінде сапалы зерттеу жүргізілді, оның ішінде мәселе бойынша теориялық талдау жасалып, фокус-топ интервьюі өткізіліп, жауаптар таспаға салынып, кодталды. Анықталған нәтижелер талқыланып, болашақ мұғалімдердің академиялық ұтқырлықтан өтуге даярлығын қалыптастырудың институционалдық, бағдарламалық, кәсіби факторлар айқындалып, талданды. Ұсынылған факторлар болашақ мұғалімдердің академиялық ұтқырлықтан өтуде кездесетін кедергілердің алдын-алуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Мақалада көтерілген мәселе жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің академиялық ұтқырлыққа даярлығын қалыптастырудың басқа да ауқымды шешімдерін табу үшін басқа зерттеулерге түрткі бола алады.
Түйін сөздер: академиялық ұтқырлық, болашақ мұғалім, даярлық, институционалдық, бағдарламалық, кәсіби факторлар