Жас мұғалімдердің жобалау-зерттеу қызметін жүргізу мотивациясына SWOT-талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258432
        114 37

Аннотация

Бастауыш мектептегі жобалау-зерттеу қызметі – мұғалім болу ғана емес, сонымен қатар, балалардың өзін-өзі тануына және ғылым әлеміне жол ашатын тәлімгер болу  мүмкіншілігі, бұл жаңашылдар мен ойшылдар қоғамын құра отырып сұрақ қоюға, жауап іздеуге қорықпайтын ұрпақ тәрбиелеудің бірегей мүмкіндігі. Зерттеу жұмысы тәжірибесі үш жылға дейінгі Қазақстандағы жас бастауыш сынып мұғалімдерінің жобалау-зерттеу қызметін жүргізуге мотивациясына әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған. Сауалнама және кейіннен 28 қатысушымен өткізілген жартылай құрылымды сұхбаттар барысында негізгі ішкі және сыртқы факторлар анықталды, содан кейін SWOT арқылы талданды. Қатысушылар Лайкерт шкаласы бойынша факторлардың маңыздылығын бағалады, кейін деректер ранжирование үшін дескриптивті статистика арқылы өңделді. Зерттеу барысында мұғалімдер жобалау жұмысын инновация, өзін-өзі жүзеге асыру және кәсіби өсу мүмкіндігі ретінде қарастыратындары анықталды, алайда, уақыт тапшылығы, оқу-әдістемелік ресурстардың жеткіліксіздігі және өзекті жобаларды әзірлеу мәселесі сияқты шектеулерге тап болды. Зерттеушілер ретінде мұғалімдер заманауи технологияларға қызығушылықты, коммуникативті дағдыларды және кәсіби қасиеттерді өздерінің артықшылығы ретінде атап өтеді, ал кемшіліктері ретінде – тайм-менеджмент, тәжірибесіздікті, қорқыныш пен сенімсіздікті атайды. Көрнекілік үшін нәтижелер SWOT-матрица ретінде ұсынылады. Қорытынды кезең – мұғалімдердің мотивациясын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болды. Жобалау-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыру үшін кедергілерді жою маңыздылығы аталып өтіледі.

Түйін сөздер: жобалау-зерттеу қызметі, мотивация, жас мұғалім, SWOT-талдау, бастауыш мектеп.

 

Автордың биографиясы

А. Есимбекова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының докторанты, Педагогика және психология жоғары мектебі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған , Қазақстан, e-mail: assylsoul@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Есимбекова, А. (2025). Жас мұғалімдердің жобалау-зерттеу қызметін жүргізу мотивациясына SWOT-талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 84(3), 16–29. https://doi.org/10.26577/JES20258432

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер