Креативті ойлауды дамыту ойлау дизайнының негізі ретінде

Авторлар

  • Р. Аманбайқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5316-5763
  • А. Аяганова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Қызылорда қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-3086-0522
  • Н. Жұбаназарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2275-5952
  • Г. Тотикова М.Әуезов атындағы Оңтустік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4226-0914

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258214
        201 137

Аннотация

Мақалада ойлау дизайн процесінің креативті ойлаудың дамуына әсерін қарастырған. Авторлар креативті ойлаудың шешім қабылдаудың тиімділігіне және тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы ойлау дизайнының негізі болатындығына тоқталған. Креативті ойлауды дамыту психология ғылымында теориялық және практикалық жағынан шешімі толық табылмаған мәселенің бірі болып табылады. Ойлау дизайнының қалыптасу кезеңдері эмпатия, мәселені анықтау, идеяларды генерациялау, прототиптеу мен олардың интеграциясына тоқтала отырып, қойылған міндеттерді шешудегі және креативті ойлауды дамытудағы оңтайлы жолдар көрсетілген. Мақала авторлары зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерге жан-жақты талдау ұсынған. Зерттеу жұмыстарында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттерімен тәжірибелік жұмыс мазмұны толық баяндалып, алынған нәтижелерге талдау жүргізілген. Зерттеудің мақсаты –студенттердің креативті ойлауының даму деңгейлерін диагностикалау, жоғары оқу орнында шығармашылық білім беру ортасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Болашақ педагогтармен жүргізілген тәжірибелік жұмыс қорытындысы бойынша креативті ойлауды дамыта отырып, процеске қатысушыларға стандартты емес ойлауға, стереотиптерді еңсеруге және инновациялық шешімдерді іздеуге ықпал ететіні көрссетілді. Мақалада осы әдіснаманы жоғары білім саласында табысты қолдану мысалдары келтіріледі, бұл олардың әмбебаптығы мен маңыздылығының айқын көрінісі.

Түйін сөздер: ойлау дизайн, креативті ойлау, эмпатия, идеялар генерациясы, инновация, прототиптеу.

 

Авторлардың биографиясы

Р. Аманбайқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ., Қазақстан

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының  докторанты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті  (Қызылорда қ., Қазақстан, e-mail: raikhan.832016@gmail.com )

А. Аяганова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Қызылорда қ., Қазақстан

пс.ғ.к., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті (Қызылорда қ., Қазақстан, e-mail: ayaganova_alma@mail.ru)

Н. Жұбаназарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

пс.ғ.к., Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ( Алматы қ., Қазақстан, e-mail:zhubanazarova@mail.ru)

Г. Тотикова , М.Әуезов атындағы Оңтустік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

PhD доктор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, педагогика кафедрасының аға оқытушысы (Шымкент, Қазақстан, e-mail: sultik.askarbek@mail.ru )

Жүктелулер

Как цитировать

Аманбайқызы, Р., Аяганова, А., Жұбаназарова, Н., & Тотикова , Г. (2025). Креативті ойлауды дамыту ойлау дизайнының негізі ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 82(1), 41–54. https://doi.org/10.26577/JES20258214

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер