Білім берудегі психологтың профилактикалық құзыреттілігі: диагностика мен арт-әдістердің байланысы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20258215Аннотация
Оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау - білім беру жүйесінде мектеп пен университетегі психолог қызметінің маңызды міндеттерінің бірі. ЮНЕСКО халықаралық ұйымы 2022 жылы БҰҰ-ның Тұрақты даму, оның ішінде, оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау мақсаттарын іске асыратын "Денсаулық пен әл-ауқат мүддесі үшін білім беру саласындағы стратегияны" жариялады.Психологиялық алдын алу жұмысы білім беру саласындағы психологтың, педагог-психологтың қызмет түрі ретінде, психикалық денсаулықты сақтауға, нығайтуға және дамытуға бағытталған. Болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлауда профилактикалық құзыреттілікті дамытуға баса назар аудару маңызды, себебі бұл оқушылар мен студенттердің психогигиенасында білім берумен қатар диагностика және копинг-стратегияны, эмоцияларды, өзін-өзі реттеудегі арт-технологияларымен тығыз байланысты.Мақаланың теориялық бөлімінде болашақ педагог-психологтың профилактикалық құзыреттілігін арттырудағы профилактиканың бастапқы, екінші, үшінші бағыттарындағы арт-әдістері талданған. Шығармашылық пен өнер әдістері эмоциялар мен көңіл-күйді реттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан зерттеудің практикалық бөлігі психология университеттерінің студенттері арасында депрессиялық күйге бейімділік, өзін-өзі бағалау және шығармашылық арасындағы байланысты зерттейді. Зерттеуге депрессиялық күй, өзін-өзі бағалауы және шығармашылық деңгейін бағалаудан өткен 50 студент қатысты.Нәтижелер депрессияға бейімділік пен шығармашылықтың көрсеткіштері арасындағы теріс корреляцияны, сондай-ақ, депрессияға бейімділік пен өзін-өзі бағалау арасындағы депрессияның эмоционалды және когнитивті әл-ауқатқа зиянды әсерін растайды. Өзін-өзі бағалауды арттыру депрессияның студенттердің шығармашылығына теріс әсерін азайтуға көмектесетіні анықталды.
Түйін сөздер: психологтың профилактикалық құзыреттілігі, педагог-психолог, депрессияға бейімділік, психикалық денсаулық, өзін-өзі бағалау, креативтілік.








