Winsteps-тегі Rasch модельдеу әдістері: білім беру нәтижелерін талдау тәсілдері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES202582110Аннотация
Бұл мақалада Rasch модельдеу әдістерін қолдана отырып, бағалау нәтижелерін талдау үшін Winsteps 5.8.3 бағдарламалық жасақтамасын пайдалану қарастырылады. Winsteps педагогика мен психометрика саласындағы зерттеушілер мен тәжірибешілерге тест нәтижелерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін бағалаудан алынған деректерді өңдеуге және талдауға арналған қуатты құралдарды ұсынады. Мақала мәліметтерді дайындау, модель құру және нәтижелерді интерпретациялау кезеңдері қарастырылған бағдарламаның негізгі функцияларын қамтитын. Зерттеу білім беру процестерінің сапасын арттыру және тиімді бағалау құралдарын әзірлеу үшін деректерді нақты талдаудың маңыздылығын көрсетеді. Winstep көмегімен алынған талдау нәтижелерін оқу бағдарламаларын түзету, оқытудың жаңа әдістерін әзірлеу немесе бағалау стратегияларын өзгерту сияқты білім беру саласында негізделген шешімдер қабылдау үшін пайдалануға болады. Winstep-тегі деректерді визуализациялау мүмкіндіктері зерттеушілер мен мұғалімдерге тестілеу нәтижелерін жақсы түсінуге көмектеседі, бұл нәтижелерді дәлірек түсіндіруге және байланыстыруға ықпал етеді. Мақала тест тапсырмаларын әзірлеумен және талдаумен айналысатын мамандар үшін, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен бағалау әдістерінің сапасын арттыруға ұмтылатындар үшін жоғары практикалық құндылыққа ие. Ол тек теориялық негіздерді ғана емес, сонымен қатар нақты тәжірибеде қолдануға болатын нақты ұсыныстармен қамтамасыз етеді.
Түйін сөздер: Winsteps, Rasch-модельдеу, бағалау нәтижелерін талдау, психометрика, бағалау құралдары.
