Болашақ дәрігерлерді компьютерлік модельдеуге оқытудың әдістемелік аспектілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258515

Аннотация

Мақалады «Анатомия» және «Информатика» пәндерін оқу үдерісіне кіріктіру қарастырылған. Мақаланың мақсаты – болашақ дәрігерлердің цифрлық құзыреттілігін арттыру үшін толықтырылған шындықты пайдалана отырып, компьютерлік модельдеуді оқыту әдістемесін сипаттау. Медицина мамандығының 108 студенті арасында жүргізілген сауалнамаға талдау жүргізіліп, олардың компьютерлік модельдеуге деген көзқарасын бағалау жүргізілді және «Адам мүшелерін компьютерлік модельдеу» элективті курсын қамтитын әдістеме ұсынылды. 20 студенттің қатысуымен педагогикалық эксперимент жүргізілді, оның нәтижелері әдістеменің жоғары тиімділігін көрсетті, бұл тәуелсіз үлгілер үшін t-тестімен расталады. Студенттер адам мүшелерін компьютерлік модельдеуде толықтырылған шындықты пайдалануды материалды меңгеру үшін пайдалы деп бағалады. Зерттеу нәтижелері: Болашақ дәрігерлерді компьютерлік модельдеуге үйрету қажеттілігін негіздеу; AR, Blender көмегімен компьютерлік модельдеуді оқыту әдістемесін әзірлеу және енгізу; педагогикалық эксперимент жүргізу және талдау. Әдістеме медицина мен технологияны үйлестіре отырып, әртүрлі пәндерден алынған білімді біріктіруге ықпал етеді. Зерттеу анатомия, медициналық бейнелеу және цифрлық технологияларды біріктіретін пәнаралық тәсілдің тиімділігін растайды. Бұл интеграция студенттердің клиникалық ойлауын дамытуды ынталандырады, оларды анатомиялық құрылымдарды белсенді талдауға және компьютерлік модельдеумен айналысуға ынталандырады.

Түйін сөздер: Медицина, компьютерлік модельдеу, анатомия, білім беру, визуализация.

Авторлардың биографиясы

А. Баймаханова , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

«Информатика педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының PhD докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы , Қазақстан, email: aigul.b@internet.ru)

Л. Рахимжанова , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессор м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, email lyazatr72@gmail.com).

Как цитировать

Баймаханова , А., & Рахимжанова , Л. (2025). Болашақ дәрігерлерді компьютерлік модельдеуге оқытудың әдістемелік аспектілері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 85(4). https://doi.org/10.26577/JES20258515