Аутизмі бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда ABA терапияның мүмкіндіктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES861202611

Аннотация

Аутизмі бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту, соның ішінде сөздік қоры мен семантикалық қабілеттерін жетілдіру – қазіргі арнайы педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Аутизмі бар балалардың лексикалық және семантикалық дамуындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік және когнитивтік бейімделуіне, сондай-ақ білім беру жүйесіне кірігуіне елеулі әсер етеді. Осыған байланысты бұл зерттеу жұмысы сөздік қорды дамытуда қолданылатын бейімделген АВА (Applied Behavior Analysis) терапияның мүмкіндіктерін анықтауға бағытталды.

Зерттеудің мақсаты – 3–6 жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеуінің лексикалық және семантикалық аспектілерін дамытуға арналған бейімделген АВА терапиясының тиімділігін теориялық және тәжірибелік тұрғыда дәлелдеу. Зерттеу барысында диагностикалық әдістер, қалыптастырушы және бақылау эксперименттері, сандық және сапалық талдау әдістері қолданылды. Эксперимент Қазақстанның екі өңіріндегі оңалту орталықтарында ұйымдастырылып, 60 баланы қамтыды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бейімделген АВА терапиясы балалардың сөздік қорын арттыруда, мағыналарды түсіну және қолдануда, сөйлеу қабілетін жетілдіруде жоғары тиімділік көрсетті. Эксперимент тобының орташа балл көрсеткіші айтарлықтай артты (60.8-ден 85.5-ке дейін). Сонымен қатар, сапалық талдау нәтижесінде балалардың семантикалық дәлдігі, сөздерді контексте қолдану қабілеті жақсарғаны анықталды. Зерттеудің құндылығы – отандық білім беру жүйесінде қазақтілді және орыстілді аутизмі бар балаларға бейімделген АВА бағдарламасын қолданудың алғашқы кешенді ғылыми негіздемесін ұсынуында. Практикалық маңыздылығы – логопедтер мен дефектологтарға нақты тілдік интервенция үлгісін ұсынып, білім беру үдерісіне тиімді құрал енгізуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: АВА терапиясы, аутизм спектрінің бұзылысы, лексикалық даму, семантикалық даму, мектеп жасына дейінгі балалар.

Авторлардың биографиясы

А. Бекмұрат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда , Қазақстан

PhD докторы, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда , Қазақстан, e-mail: bekaidos61@gmail.com)

А. Аутаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: akbota-n@mail.ru)

Е. Кулеша, Мария Гжегожевская атындағы арнайы педагогика академиясы, Варшава, Польша

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мария Гжегожевская атындағы арнайы педагогика академиясы (Варшава , Польша, e-mail: ekulesza@aps.edu.pl)

А. Калыкбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD докторы, Арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: almagulkalykbaeva@yandex.ru)

Как цитировать

Бекмұрат, А., Аутаева, А., Кулеша, Е., & Калыкбаева, А. (2026). Аутизмі бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда ABA терапияның мүмкіндіктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 86(1). https://doi.org/10.26577/JES861202611