Қазақстан студент жастарының адамгершілік санасын қалыптастыру: заманауи тәрбиелік практикалар
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES202583211Аннотация
Қазіргі Қазақстандағы қарқынды әлеуметтік-мәдени трансформациялар жағдайында жастардың адамгершілік санасын қалыптастыру мәселелері педагогикалық қана емес, сонымен қатар ұлттық стратегиялық маңызға ие болуда. Осы зерттеу жұмысы жоғары білім беру жүйесінде студент жастардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие практикаларын теориялық және эмпириялық тұрғыдан терең талдауға бағытталған. Ерекше назар «Рухани жаңғыру» және «Адал азамат» мемлекеттік бағдарламаларына аударылып, олардың идеологиялық және аксиологиялық әлеуеті тиімді білім беру ортасын жобалаудың негізі ретінде қарастырылды.
Зерттеудің мақсаты – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мысалында қазақстандық жоғары оқу орны жағдайында студенттердің адамгершілік санасын қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие практикаларын ғылыми тұрғыда талдау. Зерттеу аясында білім берудегі адамгершілік ұғымының теориялық негіздері қарастырылып, мемлекеттік бағдарламалар мазмұнының педагогикалық әлеуеті талданды және олардың практикалық жүзеге асырылуындағы кедергілер айқындалды.
Методологиялық негізі ретінде сандық және сапалық әдістер қолданылды: студенттерге сауалнама жүргізу, оқытушылармен жартылай құрылымдалған сұхбаттар, контент-талдау және тақырыптық интерпретация. Эмпириялық база І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде құрылып, 217 студент пен 12 оқытушыны қамтыды. Сауалнама шкалаларының сенімділігін бағалау үшін Кронбах альфа коэффициенті (α = 0,79) есептелді, бұл қолданылған әдістеменің статистикалық негізділігін растайды.
Зерттеу нәтижелері студенттердің бағдарлама туралы формалды түрде жақсы хабардар екенін, бірақ оның құндылықтарын ішкі қабылдауының төмен деңгейде екенін көрсетті. Деятельностік, аксиологиялық және рефлексивтік тәсілдерге негізделген әзірленген модель сынақтан өткізілгенде тиімділігін көрсетті: өз моральдық ұстанымдарын бағдарлама мазмұнымен саналы түрде байланыстыратын студенттердің саны артты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – мемлекеттік идеологиялық бастамаларды зайырлы академиялық ортада этикалық тәрбиелеу құралы ретінде қайта пайымдауда. Практикалық маңызы – аталған модельді Қазақстан ЖОО-ларының білім беру бағдарламаларына енгізуге және оқытушылар мен кураторларды даярлау процесінде қолдануға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: адамгершілік сана, құндылықтар, студент жастар, тәрбиелік жұмыс, «Рухани жаңғыру», аксиология.
