Білім беру үшін нейрондық желілер: серпіліс пе, әлде қауіп пе?
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20258435Аннотация
Мақалада білім беру саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) қолданудың өзекті мәселелері қарастырылады. Оның күшті және әлсіз жақтары, сондай-ақ технологияларды шебер пайдаланбау жағдайында оқыту процесінде туындауы мүмкін қатерлер мен қауіптер талданады. ЖИ-ді оқу үдерісіне енгізер алдында дайындық шараларын, атап айтқанда, педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету қажет екендігі атап өтіледі. Оқытушыларды ЖИ-мен дұрыс әрі жауапты жұмыс істеуге үйретудің маңызына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, жаңа цифрлық шешімдерді білім беру жүйесіне енгізу барысында туындауы ықтимал кедергілер мен қиындықтар сипатталады. Білім беру мақсатында қолдануға ұсынылатын ең үздік жасанды интеллект желілері келтіріліп, олардың сипаттамасы беріледі. Мектеп пен жоғары оқу орындарында ЖИ қолдануға арналған оқу жоспарының үлгісі ұсынылады.
Мақалада заманауи педагог өз пәнін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге цифрлық дәуір талаптарына бейімделе білуі тиіс екендігі баса айтылады. ЖИ – бұл білім беруді сапалырақ, қолжетімді және жекелендірілген етуге мүмкіндік беретін сын-қатер әрі мүмкіндік.
Зерттеудің практикалық бөлігінде сауалнама жүргізіліп, оған 40 педагог қатысты: оның ішінде 20 мектеп мұғалімі және 20 жоғары оқу орындарының оқытушылары бар. Сауалнама нәтижелерін салыстыру негізінде мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары әзірленді. Әрбір бағдарлама 36 сағатқа есептелген.
Түйін сөздер: цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, нейрондық желілер, чат-боттар, оқу бағдарламасы.
