Метатанымды дамыту туралы жас зерттеушілерге арналған ревью
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES86120266Аннотация
Метатаным – бұл таным үдерісіне бағытталған ойлау, яғни оны реттеуді көмектесетін танымдық бақылау. Метатаным мен метатанымдық дағдыларының дамуы – ғылыми әдебиетте тұжырымдамасы мен ауқымы кеңінен сипатталған кең тақырып. Метатанымды дамыту мүмкін, әрі бұл саладағы қолданбалы зерттеулер саны артып келеді Осыған байланысты бұл мақала метатанымның дамуы жөніндегі зерттеулерге шолу ұсынады. Шолу негізінен Metacognition and Learning журналында жарияланған жұмыстарға сүйенеді, сондай-ақ рецензиядан өткен басқа ғылыми дереккөздерден алынған тиісті зерттеулермен толықтырылады. Метатанымға қатысты мақалалар көп болғанымен, оның даму аспектілеріне арналған дереккөздер саны аз. Осы мақалада ұсынылған материалдар метатанымның дамуын зерттеп жатқан жас зерттеушілерге бастапқы түсініктер қалыптастыруға және болашақ зерттеу бағыттарымен танысуға көмектесу мақсатында дайындалды. Даму, фасилитация және скаффолдинг мәселелерін қамтитын мақалалар Metacognition and Learning журналынан таңдалып алынды, сондай-ақ басқа ғылыми дереккөздердегі қосымша зерттеулермен толықтырылды. Бұл зерттеу өзге шолулардан метатаным ұғымының өзін емес, оның даму аспектілерін мақсатты түрде қарастыруымен ерекшеленеді. Мақалалар сапалық (qualitative) әдіс арқылы талданды. Метатанымның дамуына тікелей бағытталған мақалалар негізінде осы саладағы әрекет түрлері бойынша білім жүйеленіп ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде метатанымның дамуына қатысты құрылымдалған, жинақталған білім қалыптастырылды. Сондай-ақ бұл зерттеу метатаным дамуы жөніндегі теориялық түсініктердің кеңеюіне өз үлесін қосады.
Түйін сөздер: метатаным, метатанымдық дағдылар, даму, фасилитация, теория.








