Гендерлік аспектіде перфекционизмге бейім студенттердің жеке тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES86120265Аннотация
Соңғы бірнеше онжылдықта «перфекционизм» түсінігі психология мен білім беру саласындағы көптеген зерттеулердің қарастыратын мәселесіне айналды. Перфекционизм, әсіресе студенттерде жеке тұлғаның қасиеті ретінде түсіндіріледі. Бұл феномен мысалы, оқу іс-әрекетіндегі жоғары жетістіктерге, табысты мансаптың жолында идеалға жетуге ұмтылумен де сипатталады. Қоғам мен ата-аналар тарапынан жоғары күтулер осы сипаттың дамуын күшейтеді. Перфекционизмнiң болуы адамдарды жақсы нәтижелер мен табысқа жетуге ынталандыра және шабыттандыра алады, бiрақ сонымен бiрге жастардың менталдық әл-ауқатына терiс әсер етуi мүмкiн. Үнемі идеалға ұмтылу созылмалы күйзеліске, көңіл-күйдің бұзылуына және мазасыздыққа әкелуі мүмкін. Осы тақырыпқа деген қызығушылыққа қарамастан, перфекционизмнің дамуына қандай түлғалық сипаттамалар мен ерекшеліктер оның дамуына әсер ететіндігі жөнінде жеткіліксіз зерттелген. Бұл зерттеудің мақсаты - гендерлік аспектіде перфекционизмге бейім студенттердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеуге Алматы қаласының жоғары оқу орындарының 100 студенті - 50 ер студент және 50 әйел жыныстағы студенттер қатысты. Келесі психодиагностикалық әдістемелер қолданылды: Хьюитт және Флетта шкаласы (Hewitt & Flett Multidimensional Perfectionism Scale, MPS), А.А. Золотареваның «КДТП» әдістемесі (Краткий дифференциальный тест перфекционизма), Фрайбург жеке сауалнамасы (FPI). Зерттеу студенттердің жынысына байланысты перфекционизм көріністерінде елеулі айырмашылықтар бар екенін: ер студенттерде әлеуметтік тұрғыда белгіленген перфекционизм деңгейі әйел студенттерге қарағанда жоғары екендігін көрсетті. Әйелдерде перфекционизмнің жоғары деңгейі жағымсыз тұлғалық ерекшеліктермен тығыз байланысты. Перфекционизмнің орташа деңгейі студенттердің психологиялық жағдайы үшін бейімделгіш әрі қолайлы екені анықталды. Алынған нәтижелер студенттерге психологиялық қолдау көрсету шараларын әзірлеуге және перфекционизм көрінісінің пайда болуы мәселесінің теориялық әрі қолданбалы аспектілерін терең түсінуге негіз бола алады.
Түйін сөздер: перфекционизм, гендерлік аспект, психологиялық ерекшеліктер, студенттер, мазасыздық, өзін-өзі бағалау.








