ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • A Satova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • T Ingaybekova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
        93 1147

Аннотация

Мақала зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік-коммуникативті дағдыларын театрландырылған іс-әрекеттер арқылы қалыптастыру жолдарына арналған. Сондықтан авторлар зияты зақымдалған балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, театрландырылған ойын әрекеттері арқылы әлеуметтік-коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға болатындығын дәлелдейді. Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуына, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етіп, әрі театрландырылған ойын әрекеттерін мимика, интонация, дене қимылдары арқылы көрсетіп, қойылым мазмұны түсіндіріледі. Зияты зақымдану – бұл балада танымдық әрекеттің жеткілікті дәрежеде дамымауынан, эмоционалдық ерік сапаларының анық сипат алмауымен сипатталады. Зияты зақымданған балалар оқу бағдарламасын меңгеру үшін кездесетін қиындықтарды жеңіп, эмоциональдық ерік-жігерін, әлеуметтік-коммуникативті дағдыларын меңгеруге психологиялық көмек берілу тиіс.
Түйін сөздер: зияты зақымданған балалар, әлеуметтік-коммуникативті дағдылар, театрландырылған ойын әрекеті, шығармашылық қабілет, мимика, интонация, дене қимылдары.

Жүктелулер

Как цитировать

Satova, A., & Ingaybekova, T. (2018). ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 56(3), 60–67. вилучено із https://bulletin-pedagogic-sc.kaznu.kz/index.php/1-ped/article/view/522

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі