ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2019.v60.i3.010Аннотация
Бұл мақалада болашақ мұғалімнің ынтымақтастық педагогикасының тәсілдеріне негізд елген тұлғалық дамуы талқыланады. «Ынтымақтастық педагогикасы» пәні бойынша сабақтарды инновациялық оқыту әдістерімен өткізудің инновациялық тәжірибесі жинақталды, ынтымақтастық педагогикасының тәсілдерін қолдану теориясы мен практикасының ғылыми негіздері талданды. Оның негізіне білім берудің гуманистік теориялары, баланың жеке басының даму тұжырымдамасы, студенттердің креативті ойлауының даму теориясы, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту теориялары кіреді. Ынтымақтастық педагогикасының негізгі қағидаларының бірі – студенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың педагогикалық процесте шыңдалуы мен дамуы болып табылады. Тақырыптың теориялық негіздері өткен ғасырдың педагогикалық жаңашылдарының көзқарастарын да жинақтайды. Мақалада осы технологияның қазіргі жоғары білім беру тиімділігі туралы айтылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Ынтымақтастық педагогикасы» курсының тәжірибесі мен оқыту әдістемесі жинақталған. Мысал ретінде семинарларды талдау қарастырылған. Сауалнамаға «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының студенттерінен – 47 студент қатыс ты. Олардың жауаптарына мазмұндық талдау жасалды. Жауаптар ынтымақтастық педагогтардың стилі бойынша үш топқа бөлінді. Жанама түрде, оқушылардың жауаптары болашақ мұғалімдердің мектептегі критериалды бағалау жүйесіне көшуге «дайындығы / дайын еместігін» көрсетеді. Қорытындылай келе, студенттер «ынтымақтастық қарым-қатынас стилін» таңдай отырып және «жеке тұлғаның мүмкіндігін құрметтеу», «жеке адамның мүмкіндігін түсінуді саналы түрде дамыту» қажеттілігі туралы айтылады. Түйін сөздер: ынтымақтастық педагогикасы, оқыту ұстанымдары, студент, тұлға, нәтиже, өзара түсіністік, бірлескен оқу, топтық жұмыс.