Орталық Азиядағы білім беру саласында зерттеулер жүргізудің этикалық және әдіснамалық қиындықтары

Авторлар

  • D Jonbekova Назарбаев Университеті
  • G Kuchumova Назарбаев Университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.04
        115 76

Аннотация

Мақала Орталық Азия елдерінде, нақты айтқанда Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның білім беру саласындағы далалық зерттеулерді жүргізудің этикалық және әдіснамалық қиындықтарын талдауға арналған.Шетелдік және жергілікті зерттеушілермен сұхбат арқылы жиналған эмпирикалық мәліметтер негізінде анықталған қиындықтар алты санатқа бөлінді: дамымаған ғылыми-зерттеу мәдениеті, ғылыми зерттеу этикасын шектеулі түсіну, екінші деректердің сенімсіздігі, зерттеуге қатысушылармен қол жеткізу, таңдау және сенім орнатудағы, олардың жеке басының құпиялылығын қамтамасыз етудегі қиындықтар,тілдік кедергілер, сонымен қатар ғылыми нәтижелерді таратудағы дилеммалар. Дегенмен, қиындықтар көп жағдайда Орталық Азия елдерінің саяси, әлеуметтік және мәдени контекстіне байланысты болса, олардың кейбіреуі субъективті факторлардан туындаған.

Тұтастай алғанда, мақала зерттеу жүргізудің этикалық және әдіснамалық мәселелерін талқылауды дамытуға үлес қосады және сол арқылы зерттеушілерге, білім беру ұйымдарының басшылығына және аймақтың үкіметтік құрылымдары үшін пайдалы болуы мүмкін.

Шетелдік және жергілікті зерттеушілермен 21 сұқбат жүргізілген. Авторлар Орталық Азиядағы білім беру зерттеулерін дамыту бойынша ұсыныстар береді.

Соның ішінде: оқытушылардың зерттеушілік іс-әрекеттегі еңбек шығынын есепке алу, жас зерттеушілердің ғылыми-әдіснамалық даярлығының сапасын жетілдіру, ғылыми әдіснамадағы плюрализмді дамыту,зерттеудің сандық, сапалық және аралас әдістерін қолдану;этикалық кеңестерді және олардың рәсімдерін есепке алуды ұсынады.

Түйін сөздер: білім беру саласындағы зерттеу, Орталық Азияның зерттеулері, ғылыми- зерттеу мәдениеті, ғылыми зерттеу этикасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Jonbekova, D., & Kuchumova, G. (2020). Орталық Азиядағы білім беру саласында зерттеулер жүргізудің этикалық және әдіснамалық қиындықтары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 65(4), 36–48. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.04

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер