Отандық және шетелдік педагогикадағы көптілді білім беруді теориялық зерттеу

Авторлар

  • G Lekerov М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  • S Polatova М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  • G Osymova Халықаралық гуманитарлық және технологиялық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.07
        83 215

Аннотация

Мақалада отандық және шетелдік педагогикадағы полилингвиалды білім берудің теориялық зерттеулері сипатталады. Соңғы мәліметтер бойынша, әлем тұрғындарының жартысынан көбі көптілді аймақтарда өмір сүреді. Аталған мақала шолу және пікір талас сипатына ие.
Мақалада Қазақстанда үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі қарастырылады, сонымен қатар Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде табысты жүзеге асырылған көптілді бағдарламаларды таңдау мен сәйкестендіруге талпыныс жасалады.
Ғылыми әдебиеттерді оқып талдау елдің әл-ауқаты мен көптілді ортаны дамыту және мемлекеттің әлемдік дамыған елдермен интеграциялануының басымдылығы мен қажеттілігін растайды. Осы мәліметті ескере отырып, Қазақстан білім беру жүйесін модернизациялауды және білім беру үдерісіне қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге бағытталған үштілділік саясатын енгізуді жүзеге асыра бастады.
Зерттеу нәтижесінде «көптілділік», «үштілділік» терминдерін анықтауға ықпал ететін: қоғамның әлеуметтік құрылымы, тұрғындардың тілдік құзыреттіліктері және әртүрлі тілдік деңгейлердің дамуы сияқты факторлар айқындалды. Еуропа және Азия елдерінің көпшілігінің зерттеулерін негізге ала отырып, экономикалық және әлеуметтік көзқарас тұрғысынан көптілді білім беру ортасын ендіру қажеттігі дәлелденді.
Қазақстан Республикасында үштілділікті ендіру мен дамытудың нәтижелері талданды. 
Түйін сөздер: көптілділік, үштілділік, білім, ағылшын тілі, концепция, саясат.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Lekerov, G., Polatova, S., & Osymova, G. (2020). Отандық және шетелдік педагогикадағы көптілді білім беруді теориялық зерттеу. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 65(4), 74–90. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.07