Шет тілдерін оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.013Аннотация
Бүгінгі таңда шетел тілін оқыту әдістемесінде әртүрлі педагогикалық технологиялар ұсынылады. Қазіргі заманғы шет тілін оқыту заманауи интерактивті коммуникацияға бағытталған технологияларсыз толық жүзеге асырылмайды. Бұл мақалада автор оқыту технология нені білдіретінін қарастыруға тырысады. Сондықтан бұл мақалада автор маңызды әдістеме категориясына - педагогикалық технологияларына жүгінеді. Әдістемелік жүйенің әдістемелері, ұйымдастырушылық формалары және оқу құралдары сияқты компоненттерінің үйлесімі оқыту технологиясын құрайтынын білеміз. Қазіргі ғылымда технологиялар мектептер, оқытуда жазба сөз қолданудан және полиграфия өнертабысынан кейін төртінші революция ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда көптеген мұғалімдердің назары оқытудың заманауи технологияларына аударылған. Ғылым саласындағы жетістіктер оқыту практикасына көптеген қызықты технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Мақалада автор қазіргі педагогикалық технологияларды топтарға бөледі. Мақалада шет тілдерін оқытудың коммуникативті, тұлғалық, компьютерлік, интенсивті, әлеуметтік-мәдени педагогикалық технологиялары қарастырылған. Әр түрлі технологияларды мұндай бөлу белгілі бір технологиялардың сипаттамаларының арқасында мүмкін болды. Шетелдегі әр түрлі ғалымдар мен әдіскерлердің өз елдерінде әртүрлі педагогикалық технологияларды қалай қолданатындығына мысалдар келтірілген. Автор шетелдік авторлардың мақалаларын зерттеу нәтижелерін осы мақалада сипаттаған. Мақаланың эмпирикалық бөлімінде педагогикалық технологияларды және әдістемелік құзыреттіліктерінің қалыптасқан деңгейін анықтау үшін магистранттар арасында сауалнама жүргізіліргені айтылады. Бір жағынан, магистранттар заманауи педагогикалық технологиялар туралы ақпарат алуда артықшылыққа ие болса, екінші жағынан, магистранттар жаңа технологияларды өз бетінше қолданған жағдайда қиындықтарға тап болатыны анықталды. Магистратурада оқыту циклінде шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша зертханалық тәжірибелік сабақтарды көбейту ұсынылады, олардың барысында магистранттар өздерінің әдістемелік қабілеттірін жетілдіруге және оқылған материалды бекітуге мүмкіндік алады.
Түйін сөздер: ағылшын тілі, педагогикалық технология, коммуникативті технология, тұлғаға бағытталған технология, әлеуметтік-мәдени технология, компьютерлік технология, интенсивті технология.