Ұстаз кәсібилігі мен көшбасшылығы: Қазақстанның төрт мектебінде ұстаз көшбасшылығын дамыту

Авторлар

  • G Qanay Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебі, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.05
        331 171

Аннотация

Іс-әрекеттегі зерттеу әдіснамасына (Kemmis et al., 2014) негізделген аталмыш зерттеуде Қазақстанның төрт мектебінде ұстаз көшбасшылығын дамытуға бағытталған бағдарламаны енгізу арқылы пайда болған білім ұсынылады. Лауазымға тәуелсіз ұстаз көшбасшылығы (Frost et al., 2000) концептісіне негізделген бағдарламаны енгізу арқылы аталмыш зерттеу ‘төменнен төбеге’, яғни мектептен орталыққа қарай жүретін инновация мен өзгерісті енгізуді, мектеп ішінен көшбасшылықты және үздіксіз кәсіби даму стратегиясын іске асыруды көздеді. Тоғыз айға созылған ұстаз көшбасшылығын дамыту бағдарламасы “Кәсіби білім алу мен ынтымақтасуға бағытталған ұстаз көшбасшылығы” деп аталды. Бағдарлама аясында арнайы стратегиялар енгізіліп, мектеп ішінде ұстаздарға өз бетімен сынып пен дамыту мен өзгеріс енгізуге бағытталған жобаларға жетекшілік етуге жағдай жасалды. Ұстаздардың көшбасшылық жобалары сыныптың және жалпы мектептің дамуына ықпалдарын тигізді. Зерттеу қорытындылары ұстаз көшбасшылығының дамуы үшін ұстаздардың кәсіби рөлдерінің кеңейтілу керек екендігін және мектептің үздіксіз білім алатын ұйымға айналу керек екендігін көрсетті. Яғни, орта білім беру саласындағы реформалардың сәтті іске асуы үшін мектеп ішіндегі көшбасшылық әлеуетті дамытуға бағытталған жүйе мен ұстаздарға арнайы қолдау көрсетілуі қажет екендігі белгілі болды.

Түйін сөздер: ұстаз көшбасшылығын дамыту, мектеп көшбасшылығы, ұстаздардың кәсіби білім алуы, орта білім берудегі реформа, іс-әрекеттегі зерттеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Qanay, G. (2021). Ұстаз кәсібилігі мен көшбасшылығы: Қазақстанның төрт мектебінде ұстаз көшбасшылығын дамыту. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 66(1), 42–55. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.05

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер