Сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларда сөздің буындық құрылымын қалыптастыру бойынша логопедиялық жұмыстың моделі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.09Аннотация
Мақалада сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалардағы сөздің буындық құрылымын қалыптастыру бойынша логопедиялық жұмыстың моделі ұсынылған. Сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар (моторлы алалия және сөйлеу тілінің жалпы дамымауы) мектепке дейінгі жастағы балаларда сөздің буындық құрылым мәселесін талқылауға баса назар аударылады, өйткені ол өте маңызды, себебі түзете-дамыту жұмысы үшін тек балада қалыптасқан буындық кластарды ғана емес, сонымен қоса, енді қалыптастырылатын буындық класстарды да анықтау маңызды. Бұдан бөлек, логопедке сөздің буындық құрылымының бұзылыстарын дұрыс анықтау маңыздылығы атап өтіледі. Белгілі болғандай, аталған бұзылыс диапазоны әртүрлі: сөздің буындық құрылымының жеңілінен дөрекі бұзылыстарына дейін. Авторлардың көлемді статистикалық және өзіндік тәжірибелері, логопедиялық жұмыс негізінде сөздің буындық құрылымын түзету – сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстағы ең басты және өте қиын міндеттердің бірі. Облыстық психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңесі және әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер ассоциациясы жанындағы оқу- әдістемелік орталығы базасында авторлармен жүргізілген түзету жұмысы сипатталған (Шығыс Қазақстан облысы). Аталған категориядағы балаларда сөздің буындық құрылымын қалыптастыру бойынша жұмыстың қадамдық реттілігі көрсетілген. Аталған мәселе бойынша авторлардың назары, негізінен, логопедтің тәжірибелік жұмысына аударылған. Авторлар сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балаларды түзету және дамыту нақты құрылған түзете- дамытушылық жұмыс моделіне байланысты екендігін кезең-кезеңімен дәлелдейді.
Түйін сөздер: ерекше білім алу қажеттіліктері, ауыр сөйлеу бұзылыстары, мектепке дейінгі жас, сөздің буындық құрылымы, логопедиялық жұмыстың моделі, тексеру, қалыптастыру, қорытынды.