Түркологияны оқыту әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.014Аннотация
Мақалада түркология ғылымының қалыптасу тарихы мен өзіндік ерекшелігі жөнінде сөз етіледі. Сонымен бірге түркологияның бүгінгі жағдайы туралы айтылады. Түркология пәндері тіл білімімен бастау алып, фольклор, әдебиет, тарих, этнография сынды ғылым салаларымен жалғасады. Түркологияның бүгінгі таңдағы жеткен биігін дәл осы пәндер арқылы сараптап отырамыз. Түркітану ғылымы үшін әрбірінің орны маңызды әрі мән-мағынасы бар. Мақалада түркологияға қатысты зерттеу жұмыстары талдана келе ғылым саласына қатысты өзекті мәселелер қозғалады. Түркологияның ең өзекті мәселесі пәнаралық кешенді сипатына қатысты талдау жасалады. Түркологияға қатысты еңбектер туралы айтылады. Бүгінгі түркологияға қажет ең басты дүниелер нақты қозғалады. Түркологияның пайда болуына себепкер түркі жұртының бас біріктіруіне қатысты ұтымды ой келтіріледі. Түркі тілінің ең маңызды тілге айналуына мүмкіндік беретін ең басты ерекшеліктері қамтылады. Мақала барысында түркі тілі арқылы түркологияның өміршең бола алатыны айқын болды. Түркология ғылымындағы ең өзекті мәселелердің шешілуі тікелей түркі жұртының бұрынғы қалпына қайта келуімен де тығыз байланысты болатыны ой қорытындысы болды. Зерттеу барысында индукция, дедукция, жүйелік талдау және эмпирикалық әдістері қолданылды.
Түйін сөздер: түркология, координация, шығыстану, модернизация, философия, фольклор, әдебиет, этнография, тіл білімі, глобалдық, антиисторизм.