Қазақстан университеттерінде қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру: SWOT талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.06Аннотация
COVID-19 әлемдік пандемиясы жағдайында Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындары 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қашықтықтан білім беру қызметін ұсынуға көшті. Университеттер (MOODLE, Canvas, PLATONUS, UNIVER және т.б.) сияқты цифрлық платформаларға қосылды, сонымен қатар біршама университеттер өздерінің тараптарынан білім беру платформаларын құруға бет бұрды.
Интернетке қол жетімділік кеңейтіліп, студенттер мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін қадамдық нұсқаулық және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану алгоритмі жасалынды. Барлық университеттерде кеңес алу үшін Help- Desk және Call-орталықтар құрылды. Ағымдағы және қорытынды бағалау онлайн режимінде жүргізілді. Шетелдік студенттерге арналған жатақханаларда тұру қарастырылды. Академиялық мобильділік және басқа бағдарламалар шеңберінде студенттерді шет елдерге жіберу тоқтатылды.
Мақаланың мақсаты – SWOT талдауды жүргізу негізінде оқытушылар мен студенттердің қашықтықтан оқуға дайындығын зерттеу, респонденттердің эмоционалдық жағдайын, қашық- тықтан оқыту кезінде және өзін-өзі оқшаулау жағдайында техникалық құрал-жабдықтардың қол жетімділігі мен сапасын зерттеу болып табылады. Қашықтықтан оқытуда ұйымдастырылған оқыту мен оқудың сапасы, университеттің қолдауы, оқытушылар мен студенттердің эмоционалды жағдайы, қашықтықтан оқытуға дайындық туралы оқытушылар мен студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 153 оқытушы мен 795 студент қатысты. Сауалнамалар Тұран- Астана университеті мен Қазақ технология және бизнес университетінің базасында жүргізілді.
Түйін сөздер: COVID-19 пандемиясы, қашықтықтан оқыту, жоғары білім, цифрлық платформалар, білім беру платформалары, SWOT-талдау.