Болашақ математика мұғалімдеріне "Кәсіпкерлік негіздері" курсын оқытудын ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.13Аннотация
Теориялық зерттеу мамандықты таңдаған адамға жеке, сараланған көзқарастың болмауы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі және қазіргі еңбек нарығының әлсіз мониторингі болып табылатын негізгі мәселелер шеңберіне арналған. Мақалада модульдердің негізгі мазмұны ұсынылған: «Компьютер ақпаратты өңдеу құралы ретінде» Қауіпсіздік техникасы мен компьютерде жұмыс істеу ережелерін, компьютер құрылғыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, операциялық жүйені қарастырады. «Болашақ математика мұғалімдеріне жоғары математика элементтерін оқытудың қолданбалы курсы» жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім алушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру және оқушылардың жоғары математика элементтерін оқытудың қолданбалы курс деңгейін жоғарылату арқылы өзіндік логикалық ой-өрісі мен математикалық мәдениетін қалыптастыру. «Кәсіпкерлік негіздері» білім алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүргізудің негізгі теориялық аспектілерімен танысуға, өз бизнесін құру үшін бастапқы практикалық дағдыларды меңгеруге және кейіннен кәсіптік пәндерді оқу кезінде бизнес-жоспарларды әзірлеу, жобалық шешімдердің техникалық- экономикалық негіздемесін дайындау үшін алған білімдері мен дағдыларын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл мақалада болашақ математика мұғалімдері үшін «Кәсіпкерлік негіздері» курсының әдістерін қолданудың өзекті мәселелері, білім алушылардың одан әрі мамандық таңдауға психологиялық дайындығының маңыздылығы, сондай-ақ кәсіптер мен олардың қызмет салаларының көкжиегін неғұрлым терең кеңейту көрсетілген.Түйін сөздер: оқытушы, студент, математика, технологиялар, әдістер, оқу үрдісі, компьютер, кәсіпкерлік, кәсіби таңдау, жеке ерекшеліктер.
Жүктелулер
Как цитировать
Smagulov, E., & Jakupova, A. (2021). Болашақ математика мұғалімдеріне "Кәсіпкерлік негіздері" курсын оқытудын ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 67(2), 120–128. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.13
Шығарылым
Бөлім
Пәндерді оқыту әдіснамасы