Арнайы мақсаттар үшін салалық ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.05Аннотация
Мақалада шет тілі мұғалімін салалық мақсаттарға даярлау мәселесі қарастырылады. «Кәсіби
тіл» термині белгілі зерттеушілер мен лингвистердің ғылыми жұмыстарын талдау арқылы
анықталады. Авиация саласы үшін коммуникацияның мета тілін меңгерудің маңыздылығы атап
өтілді. «Авиациялық тіл» ұғымы беріледі және авиациялық радиотелефондық байланыстың
ағылшын тілін меңгеруіне қойылатын талаптар және оның ұшу қауіпсіздігіне әсері жазылады.
Сондай-ақ, ИКАО (Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы) әуе қозғалысына үздіксіз
қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін пилот, диспетчер және басқа да қызметтер арасындағы
коммуникацияларды тиімді жүргізу үшін авиациялық ағылшын тілін меңгерудің 6 деңгейін
қамтитын шет тілін білуге қойылатын талаптары талданады. Коммуникативтік құзыреттілікті
құрайтын авиатордың мета тілдік дағдыларын интеграциялау нәтижелерінің маңыздылығы атап
өтілді. Тілді меңгерудің әртүрлі деңгейлері үшін жағдайлар анықталды және коммуникация
мәнмәтінімен байланысты әртүрлі жағдайларда қолданудың кәсіби салалары сипатталды.
«Контекстік оқыту» ұғымы және оның маманның болашақ кәсіби қызметінің моделі ретіндегі рөлі
анықталады. Контекстік оқыту талаптарына сәйкес құрылған, оқушылардың тілдік құзыреттілік
деңгейін арттыру үшін жаттығулар түрлері ұсынылады, онда қатысушылар қойылған міндеттерді
шешу үшін кәсіби қарым-қатынасқа түседі.
Түйін сөздер: кәсіби тіл, авиациялық тіл, ИКАО, контекстік оқыту, коммуникативтік
құзыреттілік.