Қазақ тілін оқыту үдерісін «ұлттық бренд» тақырыбы арқылы ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.15
        127 260

Аннотация

Мақалада мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқыту үдерісін «ұлттық бренд» тақырыбы арқылы ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері көрсетілген. Зерттеу объектісі ретінде тілдің тек құрылымдық грамматикалық ерекшеліктері ғана емес, мәдени-әлеуметтік аспектісі алынып, қазақ тілін лингвомәдениеттанымдық аспект арқылы оқыту мәселесі талданған. Тіл үйрету әдістемесі жалпы тіл білімінің дамуы прогресімен байланыста алынып, лингвистикадағы жаңа бағыттардың пайда болуы әдістемеге да әсер еткені, нәтижесінде тіл үйретудің жаңа тенденциялары пайда болғаны тұжырымдалған. Жаңа бағыттар мен ұлттық құндылықтардың интеграциясынан «ұлттық бренд» тақырыбы жүйеленді. Осы тақырыптың аясында мәтін алынып, мәтін арқылы тіл үйрету үдерісін жүзеге асырудың үлгісі берілген. Қай тілді болмасын үйрену барысында адамның сөздік қоры бұрын болмаған жаңа лингвомәдени және этнолингвистикалық бірліктермен толығатыны белгілі. Олардың ішінде лингвомәдениремалар, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, лакуналар сияқты күнделікті қолданыстағы бірліктердің барлығы белгілі бір жағдаятқа байланысты пайда болған ұлттық ой-сананың жемісі болып табылады. Яғни, адам баласының өмірге аяқ басқан сәтінен бастап, дүниеден өткенге дейінгі аралықтағы бастан кешіргені тілден көрініс тауып, белгілі бір ұлттық-тілдік штампқа айналды. Демек, тілді өмірдің көрінісі дер болсақ, оны оқытудың басты алғышарты сол тілде сөйлеуші халық пен ұлттың өмір салтын, түрлі өмірлік ситуацияларға сәйкес қолданатын тілдік бірліктерін оқыту.  Қазақ тілін ұлттық бренд арқылы оқыту дегеніміз тіл арқылы қазіргі жаһандық әлемде қазақ мәдениетін дамытуға бағытталған, қазақ тілінің өзіне ғана тән ұлттық бояуын көрсететін, дүниежүзілік ұлтаралық тілдік кеңістікте басқа мәдениеттермен байланыста бола отырып, күнделікті тұрмыстағы ең маңызды коммуникативтік мәселелерді шешуге бағытталған тіл үйретудің коммуникативтік, когнитивтік, аксиологиялық компоненті болып табылады. Сондықтан зерттеудің басты мақсаты – тілді ұлттық бренд арқылы оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсету.

Түйін сөздер: қазақ тілін оқыту, ұлттық бренд, әдістеме, әдіс-тәсілдер, технология, тіл білімі

Жүктелулер

Как цитировать

Yermekova, T., & Myrzabay, A. (2021). Қазақ тілін оқыту үдерісін «ұлттық бренд» тақырыбы арқылы ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 68(3), 178–187. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.15

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы