«Туризм» білім беру бағдарламалары студенттерінің геоэкологиялық құзыретін қалыптастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.10
        169 209

Аннотация

Жоғары оқу орындары студенттерінің білім алу қажеттіліктерін арттыру және кәсіби білім беру жүйесінде мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету қазіргі заманғы талап болып табылады. Құзыреттерді қалыптастыру бізге білім беру мазмұнын жаңғыртуға және құзыреттерді практикада қолдануға, өзін-өзі іске асыратын білім беру және кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан, студенттер арасында білімге деген сұранысты жаңарту және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету өте маңызды. Қазіргі заманғы зерттеулердің жетекші бағыты геожүйені ресурстық қамтамасыз ету және ұтымды пайдалану, өнеркәсіптік және табиғи кешендерді оңтайландыру және қосу проблемалары болғандықтан, табиғи және техникалық геожүйелер мен геоэкология негіздері "Туризм"білім беру бағдарламасы студенттерінің геоэкологиялық құзыреттерін қалыптастырудың негізі болмақ.

Бұл мақалада, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы «Туризм» білім беру бағдарламалары студенттерінің геоэкологиялық құзыретін қалыптастыруға бағытталған зерттеу нәтижелері келтірілді. Сондай-ақ, студенттердің геоэкологиялық құзыретін қалыптасыруға мүмкіндік беретін құрылымдық модель әзірлеп, студенттердің білімдерін жетілдіруге арналған қорытындылар жасалды. Құрылымдық модель Хуторской мен Зимняя ұсынған негізгі кәсіби құзыреттерді талдау, жинақтау, нақтылау әдістері негізінде құрылып, геоэкологияда пайдаланудың тиімділігі анықталды. Алынған нәтижелер, геоэкологиялық құзыретті қалыптастырудың өзіндік құрылымдық моделі мен «Геоэкология және туризм» пәнін оқытудың педагогкалық технологиясы түрінде көрініс тапты. Зерттеу нәтижесінде, әзірленген геоэкологиялық құзыреттілік моделі – геоэкологиямен байланысты құндылық пен дүниетаным саласын көруге, сезінуге, түсінуге және бағдарлануға мүмкіндік беретіндігі анықталды. 

Түйін сөздер: туризм, геоэкология, құзыреттілік; білім беру,геожүйе, құрылымдық модель.

Жүктелулер

Как цитировать

Жоя, Қ., Исаков, Е. Д., & Мазбаев, О. Б. (2022). «Туризм» білім беру бағдарламалары студенттерінің геоэкологиялық құзыретін қалыптастыру. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 70(1), 116–128. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.10

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы