Әртүрлі оқыту форматта білім алатын мектеп оқушыларының психофизиологиялық көрсеткіштерін салыстырмалы бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.07
        449 100

Аннотация

Бұл мақалада әртүрлі оқыту форматтында білім алатын мектеп оқушыларының психофизиологиялық көрсеткіштерінің мәселесі қарастырылған. Оқушылардың оқу үрдісіндегі
эмоционалдық жағдайының тұрақтылығын зерттеудің практикалық маңызы зор. Қашықтықтан
оқытуды, инновациялық компьютерлік технологияларды оқу тәжірибесіне енгізу олардың
психоэмоционалдық жағдайына және физиологиялық көрсеткіштеріне әсер етпеуі мүмкін емес,
сондықтан бейімделу қажеттілігі туындайды. Оқушылардың психикалық және физикалық
денсаулығы білім беру ортасының эмоционалдық қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Оқшаулау
кезеңінде оқушыға әсер ететін факторлар: отбасылық орта, әлеуметтік және эмоционалдық
стресстің жоғарылауы, оқу және компьютерлік жүктеменің артуы, мінез-құлық саласына әсер
ететін үй тапсырмасын орындауға жауапкершіліктің артуы. Психоэмоционалды жағдайдың
ерекшеліктерін зерттеу мақсатында Алматы қаласы №42 мектептің 116 оқушысына қашықтан
және дәстүрлі оқыту форматында сұрақ қою, сонымен қатар өзін-өзі бағалау әдісімен
денсаулық жағдайы туралы салыстырмалы зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар
қорытындылар жасалады, оқушылардың психоэмоциналдық жағдайы туралы ғылыми түсінікті
кеңейтіп қана қоймай, оларды реттеу әдістерін жетілдіруге ықпал ету. Сонымен қатар өздігінен
оқшаулануға байланысты қашықтықтан оқуға мәжбүр болған оқушыларға психопрофилактика,
психокоррекция, психологиялық-педагогиқалық қолдау бағдарламаларын әзірлеу үшін
пайдалануға болады.
Түйін сөздер: білім беру ортасы, психоэмоционалды жағдай, психофизиология, бейімделу,
мектеп оқушылары.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhakypova, A., Imanaliyeva, M., Yesaliyeva, A., Zhamanbayeva, G., & Murzakhmetova, M. (2022). Әртүрлі оқыту форматта білім алатын мектеп оқушыларының психофизиологиялық көрсеткіштерін салыстырмалы бағалау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 71(2), 82–93. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.07

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер