Биологияны оқытуда Case-Based Learning негізіндегі Stem әдісін қолданудың тиімділігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.012
        285 509

Аннотация

Мақалада қашықтықтан оқытуда биологиядан «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдары» бөлімін оқыту кезінде Case-Based Learning негізіндегі интеграцияланған STEM оқытуды енгізу қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – қашықтықтан білім беруде Case-Based Learning негізінде STEM оқытудың тиімділігін зерттеу. Зерттеуге 9-сынып оқушыларының төрт тобы қатысты. Таңдалған сыныптар осы зерттеудің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін кездейсоқ түрде эксперименттік және бақылау топтарына бөлінді. Оқыту әдістерінің тиімділігін зерттеу үшін топ бөлімдері бойынша жиынтық бағалау арқылы алынған нәтижелер салыстырылды. 1 эксперименттік топ -– Case-Based Learning (CBL) негізіндегі STEM қолданылған және 2 – бақылау тобы. Зерттеу нәтижелері t-тесттің көмегімен талданады. Оқушылардың қанағаттануының негізгі факторы ретінде CBL негізіндегі STEM-ді қолдану тиімділігін зерттеу сауалнамаға қатысқан оқушылардың жартысы STEM оқытудың пайдасына оң пікір білдіргенін анықтады, қатысушылардың 20% қашықтықтан оқытуда тиімді болу үшін екі әдісті де таңдады. Осы зерттеуге сүйене отырып, CBL негізіндегі STEM оқытуды онлайн сыныпта қолдану оқушылардың оқу үлгеріміне оң нәтиже береді деп айтуға болады.

Түйін сөздер: STEM, Case-Based Learning, қашықтықтан оқыту, Student's t-test, Summative Section Assessment (COP).

 

Қысқартулар мен белгілер: STEM – ғылым, технология, инженерия және математика; CBL – Case-Based Learning; СОР (ББЖБ) - Бөлім бойынша жиынтық бағалау.

Жүктелулер

Как цитировать

Nurkeshov, B., & Mamykova, R. (2022). Биологияны оқытуда Case-Based Learning негізіндегі Stem әдісін қолданудың тиімділігі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 72(3), 130–139. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.012

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы