Инклюзивті білім беруде есту қабілеті бұзылған балалардың агрессивтілік деңгейін төмендету
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.07Аннотация
Есту қабілеті шектеулі кіші мектеп жасындағы балалардың бойындағы үрей деңгейінің жоғары болуы, олардың коммуникативті, эмоционалды сфераларын закымдандырып, окуға және дамуға деген мотивацияларын төмендеттіреді.
Мақалада агрессивтілік құбылысына анықтама берілген. Есту қабілеті шектеулі бастауыш сынып оқушыларының агрессиясының белгілері мен себептері көрсетілген. Есту қабілеті нашар кіші мектеп балаларының агрессивті мінез-құлқын түзететін психологиялық-педагогикалық түзете-дамыту әдістері ұсынылған. Сонымен қатар, мақалада құм терапиясы, релаксация және арт-терапия ұғымдарының мазмұндары ашылған. Есту қабілеті шектеулі бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасауда ойын терапиясының мүмкіндіктері түсіндірілген. Балалардың бойындағы агрессивтілік деңгейін анықтау мақсатында, келесідей диагностикалық әдістер қолданылған: бaқылaу әдici, A. Кapeлиннiң «Aвтoпopтpeт» әдici, Э.Вaгнepдiң «Қoл тесті» әдici, Беневольскаяның тәpбиeшiлepгe apнaлғaн caуaлнaмaсы.
Инклюзивті тәжірибесі бар мектептердегі педагог-психологтің қызметі 4 бағыттан: кеңес берушілік, диагностикалық, ақпараттық-ағартушылық, түзету жұмыстарынан тұрады, соның ішіндегі есту қабілеті шектеулі оқушылардың агрессивтіліктерін төмендету мақсатындағы психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарының тиімділіктері және қажеттіліктері анықталған.
Мақала авторлары есту қабілеті шектеулі кіші мектеп оқушыларының агрессивті мінез-құлықтарын психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламасын ұсынды, өңдеді және сынақтан өткізді. Экспериментке қатысқан есту қабілеті нашар бастауыш сынып оқушыларының түзету жұмыстарынан кейін агрессивтіліктерінің төмендеуі, бағдарламаның тиімділігін растады, бұл оны заманауи инклюзивті білім беруде психолог-педагогтарға қолдануларына мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: Инклюзивті білім беру, есту қабілеті бұзылған оқушылар, ерекше білімді талап ететін балалар, бала агрессивтілігі, психологиялық-педагогикалық түзету.